Путин: Украина көлік және энергетика инфрақұрылымына диверсия жасап жатыр

© POOL / Медиабанкке өтуВладимир Путин
Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2023
Жазылу
Ресей басшысы Киев режимі шетелдік барлау қызметтерінің қолдауымен террор жолына түсті деп мәлімдеді
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Киев шетелдік арнайы қызметтердің тікелей қолдауымен мемлекеттік лаңкестік жолына түсті, ол азаматтық нысандарға, көлік және энергетика инфрақұрылымына диверсия, бейбіт тұрғындар мен қоғам қайраткерлеріне қарсы лаңкестік әрекеттер жасап жатыр, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин.
"Біз Киев режимі шетелдік барлау қызметтерінің тікелей қолдауымен террористік әдістердің, шын мәнінде мемлекеттік терроризмнің жолын ашық ұстанып отырғанын білеміз. Азаматтық объектілерге, көлік және энергетика инфрақұрылымына диверсия, бейбіт тұрғындарға, билік өкілдеріне және қоғам қайраткерлеріне қарсы лаңкестік әрекеттер жасалып жатыр", - деді ол Ресей қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің күніне орай жасаған видеоүндеуінде.
Ресей басшысы кең ауқымды техникалық және оперативті мүмкіндіктерді пайдалана отырып, барлық салада лаңкестікке қарсы жұмысты күшейтуге, Қорғаныс министрлігімен және басқа да ведомстволармен белсенді жұмыс істеуге шақырды.
"Шетелдік барлау қызметтерінің Ресейдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға және азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімге нұқсан келтіруге бағытталған әрекеттерінің жолын кесу керек", - деп атап өтті Путин.
Оның пікірінше, қауіпсіздік органдарында ел мен оның азаматтарын қорғауға барлық мүмкіндік бар.
Жаңалықтар
0