https://sputnik.kz/20231220/muz-aydyndary-syrganaqtar-fotoaymaqtar-astanany-bezendiru-qalay-zhurgizilip-zhatyr-41061080.html
Мұз айдындары, сырғанақтар, фотоаймақтар: Астананы безендіру қалай жүргізіліп жатыр
Мұз айдындары, сырғанақтар, фотоаймақтар: Астананы безендіру қалай жүргізіліп жатыр
Sputnik Қазақстан
Осы демалыс күндері елорданың орталық саябағында ұзындығы 290 метр болатын алғашқы желілік мұз айдыны ашылады 20.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-20T16:00+0500
2023-12-20T16:00+0500
2023-12-20T16:00+0500
елорда тынысы
астана
жаңа жыл
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/14/41060287_0:56:1081:664_1920x0_80_0_0_490b122a4dd9aad4b555c9a763e47e93.jpg
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Елордада мұз айдындары, сырғанақтар салынуда, шағын архитектуралық фигуралар, фотоаймақтар және т.б. салынып жатыр. Бес аудан аумағында барлығы 60-қа жуық мұз айдыны мен сырғанақ салынады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Мұз айдындарын, сырғанақтар, шағын архитектуралық фигуралар, фотоаймақтар және басқа элементтерді салу сияқты жаңа жылдық безендіру жүріп жатыр. Әдетте, жыл сайын бұл жұмыстар 23-25 желтоқсанға дейін аяқталады.Жұмыстың бір бөлігі аяқталды. Мысалы, "Жастар" сарайының алдындағы алаңда және ЭКСПО-қалашықта салынған мұз айдынында, сырғанақтар серуендеуге болады.Сонымен қатар, осы демалыс күндері елорданың орталық саябағында ұзындығы 290 метр болатын алғашқы желілік мұз айдыны ашылады. Ол арнайы концерттік бағдарлама арқылы 23 желтоқсан күні сағат 18:00-де ашылады.Сарыарқа ауданында Бөгенбай батыр даңғылы, 43, Бейбітшілік көшесі бойындағы қалалық алаңда, "Көктал" саябағында қысқы ойын-сауық ұйымдастырылады.Алматы ауданында мына орындар белгіленді: "Қазақ Елі" монументінің жанындағы алаң, ІІМ жанындағы Тәуелсіздік және Қажымұқан көшелерінің қиылысында, "Құмыра" мекемесінің тұрағында, Абылай хан – Қобда қиылысында, Оқушылар сарайының жанында.Сонымен қатар, Нұра ауданындағы қысқы демалыс алаңдары Ailand отбасылық демалыс орталығы, Keruensity СОО, "Хан Шатыр", Asia Park, сондай-ақ елордалық саябаққа және Үркер тұрғын алабына кіреберісте жанында ашылады.Жақын арада Байқоңыр ауданының тұрғындары "Ататүрік" саябағында, "Жастар" сарайында, Жазушылар аллеясында, Қазқалашық, Кирпичный, Өндіріс, Қоянды елді мекендерінде мұз төбешіктерінде сырғанай алады.Есіл ауданында ЭКСПО аумағында, Ботаникалық бақта және "Керуен" СОО маңында тағы үш орын белгіленді.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/14/41060287_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_085baf14fd2b882a55dfb718a5ce94a7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, жаңа жыл
Мұз айдындары, сырғанақтар, фотоаймақтар: Астананы безендіру қалай жүргізіліп жатыр
Осы демалыс күндері елорданың орталық саябағында ұзындығы 290 метр болатын алғашқы желілік мұз айдыны ашылады
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Елордада мұз айдындары, сырғанақтар салынуда, шағын архитектуралық фигуралар, фотоаймақтар және т.б. салынып жатыр. Бес аудан аумағында барлығы 60-қа жуық мұз айдыны мен сырғанақ салынады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Мұз айдындарын, сырғанақтар, шағын архитектуралық фигуралар, фотоаймақтар және басқа элементтерді салу сияқты жаңа жылдық безендіру жүріп жатыр. Әдетте, жыл сайын бұл жұмыстар 23-25 желтоқсанға дейін аяқталады.
Жұмыстың бір бөлігі аяқталды. Мысалы, "Жастар" сарайының алдындағы алаңда және ЭКСПО-қалашықта салынған мұз айдынында, сырғанақтар серуендеуге болады.
Сонымен қатар, осы демалыс күндері елорданың орталық саябағында ұзындығы 290 метр болатын алғашқы желілік мұз айдыны ашылады. Ол арнайы концерттік бағдарлама арқылы 23 желтоқсан күні сағат 18:00-де ашылады.
Сарыарқа ауданында Бөгенбай батыр даңғылы, 43, Бейбітшілік көшесі бойындағы қалалық алаңда, "Көктал" саябағында қысқы ойын-сауық ұйымдастырылады.
Алматы ауданында мына орындар белгіленді: "Қазақ Елі" монументінің жанындағы алаң, ІІМ жанындағы Тәуелсіздік және Қажымұқан көшелерінің қиылысында, "Құмыра" мекемесінің тұрағында, Абылай хан – Қобда қиылысында, Оқушылар сарайының жанында.
Сонымен қатар, Нұра ауданындағы қысқы демалыс алаңдары Ailand отбасылық демалыс орталығы, Keruensity СОО, "Хан Шатыр", Asia Park, сондай-ақ елордалық саябаққа және Үркер тұрғын алабына кіреберісте жанында ашылады.
Жақын арада Байқоңыр ауданының тұрғындары "Ататүрік" саябағында, "Жастар" сарайында, Жазушылар аллеясында, Қазқалашық, Кирпичный, Өндіріс, Қоянды елді мекендерінде мұз төбешіктерінде сырғанай алады.
Есіл ауданында ЭКСПО аумағында, Ботаникалық бақта және "Керуен" СОО маңында тағы үш орын белгіленді.