https://sputnik.kz/20231220/ministr-arnayy-aleumettik-tolemderdi-tagayyndaudyn-mindetti-sharttaryn-atady-41054412.html
Министр арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың міндетті шарттарын атады
Министр арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың міндетті шарттарын атады
Sputnik Қазақстан
Төлемдердің орташа мөлшері 208 мыңға жетеді және 63 жасқа дейін төленеді 20.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-20T11:47+0500
2023-12-20T11:47+0500
2023-12-20T11:47+0500
әлеуметтік төлем
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d98eba81ee5241afee9e4512d3d1ddfc.jpg
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген азаматтарға 55 жастан бастап арнаулы әлеуметтік төлем енгізу бойынша заңнамалық өзгерістер әзірленді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың міндетті шарттарын атап өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Заңнаманы сенат мақұлдады, ол президенттің қол қоюына жіберіледі.Арнайы әлеуметтік төлем төрт қаражат көзінен жүзеге асырылады:Төлемдердің орташа мөлшері 208 мыңға жетеді және 63 жасқа дейін төленеді. Азаматтар арнайы әлеуметтік төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауы тиіс.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_491:0:2742:1688_1920x0_80_0_0_f498ff6b890b4f65f94aba87e9ab5e95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлеуметтік төлем
Министр арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың міндетті шарттарын атады
Төлемдердің орташа мөлшері 208 мыңға жетеді және 63 жасқа дейін төленеді
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген азаматтарға 55 жастан бастап арнаулы әлеуметтік төлем енгізу бойынша заңнамалық өзгерістер әзірленді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың міндетті шарттарын атап өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Заңнаманы сенат мақұлдады, ол президенттің қол қоюына жіберіледі.
"Заң жобасы шеңберінде көп өзгерістер енгізіледі. Біріншіден, арнайы әлеуметтік төлем көп жылдар бойы жұмыс істеген, 55 жасқа толған және 7 жыл бойы өздеріне жиынтық жарналар аударған азаматтарға төленеді", - деді Жақыпова.
Арнайы әлеуметтік төлем төрт қаражат көзінен жүзеге асырылады:
1.
республикалық бюджеттен 2 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
2.
өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялардан;
3.
жұмыс берушілердің қаражаты есебінен,
4.
БЖЗҚ-дан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен.
Төлемдердің орташа мөлшері 208 мыңға жетеді және 63 жасқа дейін төленеді. Азаматтар арнайы әлеуметтік төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауы тиіс.