Кентау ЖЭО-дағы төртінші қазандық ертең іске қосылады – министрлік

© Sputnik / Елена БережнаяТруба, которую строят взамен обрушенной на ТЭЦ в Петропавловске, накренилась
Труба, которую строят взамен обрушенной на ТЭЦ в Петропавловске, накренилась - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2023
Жазылу
Бүгінгі таңда электрмен жабдықтау толығымен қалпына келтірілді
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Энергетика министрлігі Кентау және Қостанай қалаларындағы жылумен жабдықтау жағдайының ахуалына қатысты дерекпен бөлісті.
Еске салсақ, бір күн бұрын Кентауда дауылды желдің салдарынан электр энергиясын беру үзіліп, бұл сәйкесінше жылумен жабдықтау жұмысындағы шектеулерге әкелді.
"Бүгінгі таңда электрмен жабдықтау толығымен қалпына келтірілді. Кентау ЖЭО-да үш қазандық жұмыс істейді. Ертең, 21 желтоқсанда 4-ші қазандық іске қосылады. Қазіргі уақытта даладағы ауа температурасы -4С градусты құрайды. Жылу беру көрсеткіші 60С нормативіне сәйкес 56С градусты құрайды. Бейсенбіде температура 60С дейін жеткізіледі", - деп жазылған энергетика министрлігінің хабарламасында.
Ведомствоның хабарлауынша, Қостанай қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша бүгінде қалада магистральдық жылу желісіндегі кішігірім ақауларды жою бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жұмыстар бүгін сағат 17.00-ге дейін аяқталады. Бұл жұмыстар қала тұрғындарын жылумен қамтамасыз етуге әсер етпейді.
Жаңалықтар
0