Еңбек министрі 2024 жылғы зейнетақының орташа мөлшерін айтты

© Photo : pixabay/ds_30Бухгалтерский отчет, иллюстративное фото
Бухгалтерский отчет, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2023
Жазылу
Биыл базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-дан 60% дейін артты
АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2024 жылғы зейнетақының орташа мөлшері шамамен 130 мың теңге болатынын айтты.
2023 жылы қазақстандықтардың орташа зейнетақы мөлшері 120 мың теңге болған еді.
Министрдің айтуынша, базалық зейнетақы төлемі ұлғайып келеді. Биыл базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-дан 60% дейін артты.
"Келесі жылдан бастап біз ең төменгі шекті тағы 5% көтереміз. Инфляция деңгейіне индекстеу жүзеге асырылады. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі үшін төленетін ынтымақты зейнетақы және 2024 жылғы 1 қаңтарда тағайындалған төлемдері бар барлық зейнеткерлерге индекстеу 7% болады, инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып жүргізіледі. Жалпы 9%-ға артты", - деді Жақыпова орталық коммуникацилар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Министр атап өткендей, зейнетақының орташа мөлшері келесі жылы шамамен 130 мың теңге болады.
Жаңалықтар
0