Алматыны жаңажылдық безендіруге жарты қанша қаржы жұмсалады

© Sputnik/Ертай СарбасовГлавную новогоднюю елку зажгли в Алматы
Главную новогоднюю елку зажгли в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2023
Жазылу
Қаланың әр ауданын безендіруге орта есеппен қалалық бюджеттен 60 млн теңге бөлінді
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Алматы әкімдігі мегаполисті жаңа жылдық безендіруге қанша қаржы жұмсалатынын мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әкімдіктің мәліметінше, қаланың әр ауданын безендіруге орта есеппен қалалық бюджеттен 60 млн теңге бөлінді. Алматыда бүгінгі күні 8 аудан бар.
"Бәсекелестік негізде жүргізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша шығыстардың жалпы сомасы ҚҚС есебімен 511 762 709 теңгені құрайды", - делінген хабарламада.
Әкімдік мәліметінше, мыңдаған жарық декорациялар, гирляндалар, 60-тан астам жасанды шыршалар қаланың көркін ашып тұр. Ал Абай алаңындағы биіктігі 20 метр болатын басты шырша сағат 19.00-де жанды.
Жаңалықтар
0