Түркістан облысының тұрғыны екі шетелдікті құлдықта ұстаған

© Sputnik / Медиабанкке өтуМужчина с цепью на руках, архивное фото
Мужчина с цепью на руках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2023
Жазылу
Күдікті өз кінәсін мойындады. Құрықтау барысында одан 200 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражат, Redmi 7 телефоны және құжаттар тәркіленді
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Таразда екі шетелдікті құлдықта ұстаған күдікті құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласы полиция басқармасынына 24 және 40 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматтарынан арыз түсті. Арызда жәбірленушілер Тараз қаласындағы құрылыс нысандарында жұмыс істеуге мәжбүр болғандарын айтқан. Оларды жұмысқа алған ер адам құжаттарын тартып алып, тегін жұмысқа жеккен. Олар қашып үлгерген, алайда иелері құжаттарын қайтару үшін ақша бопсалаған.
"Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 126-бабы, 3-бөлігінің 2-тармағымен (Бас бостандығынан заңсыз айыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Түркістан облысының 35 жастағы тұрғынын анықтады. Ол талап еткен шамамен 500 мың теңге көлеміндегі ақшаның 200 мың теңгесін алған кезінде ұсталды", - делінген хабарламада.
Күдікті өз кінәсін мойындады. Құрықтау барысында одан 200 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражат, Redmi 7 телефоны және құжаттар тәркіленді.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Рабство в Казахстане - откровенное интервью правозащитницы - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2021
Видео
Құлдық қамытын кигендер: сарапшы ақысыз еңбекке жегу мәселесін қаузады - видео
Жаңалықтар
0