https://sputnik.kz/20231219/smayylov-birneshe-akim-orynbasaryna-qatan-sogis-zhariyalaudy-tapsyrdy-41043092.html
Смайылов бірнеше әкім орынбасарына қатаң сөгіс жариялауды тапсырды
Смайылов бірнеше әкім орынбасарына қатаң сөгіс жариялауды тапсырды
Sputnik Қазақстан
Аудандар мен қалалардың 75%-і коммуналдық қалдықтарды реттеу бағдарламасын әзірлеуге әлі кіріспеген 19.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-19T16:09+0500
2023-12-19T16:09+0500
2023-12-19T16:09+0500
әлихан смайылов
қоқыс
сөгіс
әкім орынбасары
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/0c/40857182_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_7c4065fa356ce3f914472979068d7a0c.jpg
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Стихиялық қоқыс үйінділерінің санын азайта алмаған шенеуніктерге сөгіс жарияланады. Премьер-министр Әлихан Смайылов осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Смайылов биыл қыркүйекте өткен үкімет отырысында стихиялық қоқыс үйінділерін азайту бойынша бірқатар тапсырма берілгенін еске салды.Сондай-ақ, оның айтуынша, аудандар мен қалалардың 75%-і коммуналдық қалдықтарды реттеу бағдарламасын әзірлеуге әлі кіріспеген. Ал мерзім әлдеқашан өтіп кетті."Мысалы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында және тағы да сол Маңғыстау облысында бірде-бір жоспар әзірленбеген. Сондықтан осы өңір әкімдері де өздерінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарларына тапсырманы орындамағаны үшін сөгіс жарияласын. Енді бұл процесті әкімдердің өздері жеке бақылауда ұстауы тиіс", – деді Смайылов.Айтуынша, экология министрлігі сатып алу рәсімдеріне байланысты мерзімді келесі жылдың ортасына дейін ұзартуды сұрап отыр. Егер жұмыстар 1 сәуірге дейін аяқталмаса, тиісті тәртіптік шаралар қабылданады, деп ескертті үкімет басшысы.Смайыловтың пікірінше, стихиялық қоқыстарды болдырмау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты қайта қарау қажет.Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, дамыған елдер ең алдымен, қалдықтарды қайта өңдейтін инфрақұрылымды ретке келтіріп алады."Бұл жерде өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерінің механизмін белсенді түрде қолдану керек. Қалдықтарды сұрыптау және оларды кәдеге жаратудың нақты жүйесін құрған жөн. Мұның барлығын халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейте отырып, жүргізу қажет", – деді премьер-министр.Сондай-ақ ол Экологиялық білім беру мен тәрбиелеу жөніндегі 2029 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
https://sputnik.kz/20230515/ukimet-basshysy-ministrge-eskertu-zhasap-komitet-toragasyna-sogis-zhariyalady-34882751.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/0c/40857182_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_670ce6aabefb82b68bfda6303f54683e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов, қоқыс, сөгіс, әкім орынбасары
әлихан смайылов, қоқыс, сөгіс, әкім орынбасары
Смайылов бірнеше әкім орынбасарына қатаң сөгіс жариялауды тапсырды
Аудандар мен қалалардың 75%-і коммуналдық қалдықтарды реттеу бағдарламасын әзірлеуге әлі кіріспеген
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Стихиялық қоқыс үйінділерінің санын азайта алмаған шенеуніктерге сөгіс жарияланады. Премьер-министр Әлихан Смайылов осындай тапсырма берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Смайылов биыл қыркүйекте өткен үкімет отырысында стихиялық қоқыс үйінділерін азайту бойынша бірқатар тапсырма берілгенін еске салды.
"Оның ішінде стихиялық қоқыстардың санын 2 есеге қысқарту мәселесін көтердік. Жалпы, өңірлерде тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Алайда Ұлытау, Алматы және Маңғыстау облыстары ең төмен нәтиже көрсетіп отыр. Аталған өңір әкімдеріне осы салаға жетекшілік жасайтын орынбасарларына қатаң сөгіс жариялауды тапсырамын", – деді премьер үкімет отырысында.
Сондай-ақ, оның айтуынша, аудандар мен қалалардың 75%-і коммуналдық қалдықтарды реттеу бағдарламасын әзірлеуге әлі кіріспеген. Ал мерзім әлдеқашан өтіп кетті.
"Мысалы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында және тағы да сол Маңғыстау облысында бірде-бір жоспар әзірленбеген. Сондықтан осы өңір әкімдері де өздерінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарларына тапсырманы орындамағаны үшін сөгіс жарияласын. Енді бұл процесті әкімдердің өздері жеке бақылауда ұстауы тиіс", – деді Смайылов.
Айтуынша, экология министрлігі сатып алу рәсімдеріне байланысты мерзімді келесі жылдың ортасына дейін ұзартуды сұрап отыр. Егер жұмыстар 1 сәуірге дейін аяқталмаса, тиісті тәртіптік шаралар қабылданады, деп ескертті үкімет басшысы.
Смайыловтың пікірінше, стихиялық қоқыстарды болдырмау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты қайта қарау қажет.
Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, дамыған елдер ең алдымен, қалдықтарды қайта өңдейтін инфрақұрылымды ретке келтіріп алады.
"Бұл жерде өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерінің механизмін белсенді түрде қолдану керек. Қалдықтарды сұрыптау және оларды кәдеге жаратудың нақты жүйесін құрған жөн. Мұның барлығын халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейте отырып, жүргізу қажет", – деді премьер-министр.
Сондай-ақ ол Экологиялық білім беру мен тәрбиелеу жөніндегі 2029 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.