Рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастағаны үшін айыппұлды 2 есе өсіру ұсынылды

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуПакет с мусором. Архивное фото
Пакет с мусором. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2023
Жазылу
Қазір жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері – 50 АЕК
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Экология және табиғи ресурстар министрлігі рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс шығарғаны үшін айыппұлды азаматтар үшін 100 айлық есептік көрсеткішке дейін көтеруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, рұқсат етілмеген жерлерде қоқыс тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті қатаңдату көзделіп отыр.
"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске белгіленген орындардан тыс жерге қоқыс шығарғаны үшін айыппұл көлемін көбейтуді көздейтін түзетулер әзірленді. Мысалы, жеке тұлғалар үшін 50 айлық есептік көрсеткіштен 100 айлық есептік көрсеткішке дейін, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін 100 айлық есептік көрсеткіштен 200 айлық есептік көрсеткішке дейін өседі", – деді ол үкімет отырысында.
Премьер-министр Әлихан Смайылов бұл ұсынысты қолдап, құзыретті органдарға Әкімшілік кодекске рұқсат етілмеген жерлерде қоқыс тастағаны үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған түзетулер енгізуді тездетуді тапсырды.
Жаңалықтар
0