Қоңырау нөмірлерін жасырған: ҰҚК шетелдік алаяқтарға көмектескен адамды ұстады

© Photo : Pexels / Tima MiroshnichenkoНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2023
Жазылу
Шетелдік алаяқтар оның қызметін пайдаланып ел тұрғындарын алдаған
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдік алаяқтарға көмектескен Қазақстан азаматын ұстады.
Ол алаяқтардың Қазақстанға шалған қоңырауларын жасыруға мүмкіндік беретін қызмет көрсеткен.
"Бұл операциялар шетелдік нөмірлерді қазақстандыққа ауыстыратын арнайы құрылғы мен бағдарламаларды пайдалану арқылы жасалған", - делінген Ұлттық қауіпсіздік қызметі хабарламасында.
Нәтижесінде, күдікті ұлттық байланыс операторларына залал келтірген. Ал шетелдік алаяқтар оның қызметін пайдаланып ел тұрғындарын алдаған.
Қазір Қылмыстық кодекстің 210-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0