https://sputnik.kz/20231219/qayrat-satybaldy-merziminen-buryn-bostandyqqa-shygudy-surady---sot-sheshimi-41030729.html
Қайрат Сатыбалды мерзімінен бұрын бостандыққа шығуды сұрады - сот шешімі
Қайрат Сатыбалды мерзімінен бұрын бостандыққа шығуды сұрады - сот шешімі
Sputnik Қазақстан
Қайрат Сатыбалды 2022 жылдың қыркүйегінде 6 жылға бас бостандығынан айырылды 19.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-19T11:36+0500
2023-12-19T11:36+0500
2023-12-19T11:36+0500
назарбаев
https://sputnik.kz/img/583/86/5838670_0:117:4990:2923_1920x0_80_0_0_3ed324ecf858ed2918d096cef0eac3b4.jpg
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Қайрат Сатыбалдының шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығу туралы арызы қанағаттандырылмады.Сот Қайрат Сатыбалдының тәртіп бұзушылығы бар екенін, әзірге іс-әрекеті тұрақсыз екенін алға тартты. Қайрат Сатыбалдыұлы – жол апатынан қайтыс болған Сатыбалды Назарбаевтың ұлы, Alatau Capital Invest басқарушы серіктесі. Қайрат Сатыбалды Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша еліміздің ең ықпалды бизнесмендерінің тізіміне енген.Ол Астана қаласы әкімінің орынбасары, "ҚТЖ" бірінші вице-президенті, "Нұр Отан"партиясының хатшысы болған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарында басшы офицерлік лауазымдарда қызмет еткен. Діндарлығымен танымал.Өткен жылдың наурыз айында Дубайға ұшқалы жатқан жерінен ұсталды, содан бері қамауда. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты жымқыру туралы істі сотқа дейінгі тергеудің аяқталғаны туралы 24 тамызда хабарлады. Оны сот Астанада 2022 жылдың қыркүйегінде 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар жеке эпизодтар бойынша тергеу 2023 жылы да жалғасты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/583/86/5838670_0:581:4330:3828_1920x0_80_0_0_91696c9931b4d867e7a8b0d03d57f5c9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
назарбаев
Қайрат Сатыбалды мерзімінен бұрын бостандыққа шығуды сұрады - сот шешімі
Қайрат Сатыбалды 2022 жылдың қыркүйегінде 6 жылға бас бостандығынан айырылды
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Қайрат Сатыбалдының шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығу туралы арызы қанағаттандырылмады.
"Сотталған Қайрат Сатыбалдының жазаны шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға ауыстыру туралы өтініші қанағаттандырылмады", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сот Қайрат Сатыбалдының тәртіп бұзушылығы бар екенін, әзірге іс-әрекеті тұрақсыз екенін алға тартты.
Қайрат Сатыбалдыұлы – жол апатынан қайтыс болған Сатыбалды Назарбаевтың ұлы, Alatau Capital Invest басқарушы серіктесі. Қайрат Сатыбалды Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша еліміздің ең ықпалды бизнесмендерінің тізіміне енген.
Ол Астана қаласы әкімінің орынбасары, "ҚТЖ" бірінші вице-президенті, "Нұр Отан"партиясының хатшысы болған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарында басшы офицерлік лауазымдарда қызмет еткен. Діндарлығымен танымал.
Өткен жылдың наурыз айында Дубайға ұшқалы жатқан жерінен ұсталды, содан бері қамауда. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты жымқыру туралы істі сотқа дейінгі тергеудің аяқталғаны туралы 24 тамызда хабарлады. Оны сот Астанада 2022 жылдың қыркүйегінде 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар жеке эпизодтар бойынша тергеу 2023 жылы да жалғасты.