https://sputnik.kz/20231219/europarlament-deputaty-ukrainaga-qatysty-euroodaqty-synga-aldy-41033690.html
Еуропарламент депутаты Украинаға қатысты Еуроодақты сынға алды
Еуропарламент депутаты Украинаға қатысты Еуроодақты сынға алды
Sputnik Қазақстан
Еуропарламент депутаты сондай-ақ Батыс саясаткерлері Украина мен Газада қақтығыстар тудырып, кімнің мүддесін қолдап отырғанына қатысты күмән келтірді 19.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-19T13:15+0500
2023-12-19T13:15+0500
2023-12-19T13:15+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
палестина
израиль
https://sputnik.kz/img/old/348/53/3485398_0:26:500:307_1920x0_80_0_0_5a3680165348fa8a2d9b2a0e3cea9570.jpg
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Еуроодақтың саясаткерлері Украина мен Газа секторындағы қақтығыстарды бастауға және одан әрі қоздыруға кінәлі, деп жазды Еуропарламент депутаты Мик Уоллес "X" әлеуметтік желісінде. Бұл туралы РИА Новости хабарлады."Неліктен саясаткерлер бейбітшілікті емес, соғыс басталуын қолдайды? Украинадағы қақтығыс олар үшін жеткіліксіз болып, енді олар Израильді қолдауға шешім қабылдады", - деді Уоллес.Еуропарламент депутаты сондай-ақ Батыс саясаткерлері Украина мен Газада қақтығыстар тудырып, кімнің мүддесін қолдап отырғанына қатысты күмән келтірді.7 қазанда Палестинаның ХАМАС қозғалысы "Әл-Ақса дауылы" операциясы аясында Израильге зымыранмен шабуылдады. Осыдан кейін ұйымның жауынгерлері Израильдің оңтүстігіндегі шекаралас аймақтарға еніп, 200-ден астам адамды кепілге алды. Израильде, биліктің соңғы мәліметі бойынша, шамамен 1,2 мың адам қайтыс болды, олардың қатарында бейбіт тұрғындар, сарбаздар, шетелдік азаматтар мен жұмысшылар бар. Сонымен қатар 5 мыңнан астам адам зардап шеккені туралы хабарланды.Бұған жауап ретінде Израиль қорғаныс армиясы Газа секторындағы Хамасқа қарсы "Темір қылыш" операциясын бастады. Бірнеше күн ішінде Израиль әскери күштері Газа шекарасындағы барлық елді мекендерді бақылауға алып, сектор аумағындағы нысандарға, соның ішінде азаматтық нысандарға авиациялық соққылар жасай бастады. Сондай-ақ Израиль Газа секторының толық блокадасын жариялады: су, азық-түлік, электр энергиясы, дәрі-дәрмек, отын жеткізу тоқтатылды.Еуропарламент депутаты Украинаға қатысты Еуроодақты сынға алдыҚазан айының соңында анклавтағы Израиль операциясының жердегі кезеңі басталды. Газа қаласын Израиль құрлық күштері қоршап алды, ал анклав іс жүзінде оңтүстік және Солтүстік бөліктерге бөлінді.Газа секторында Израиль соққы жасаған уақыттан бастап қаза тапқандар саны 17 мыңнан асты, 48 мыңнан астам адам зардап шекті. ХАМАС Газа секторында шамамен 200-250 адам кепілге алынғанын мәлімдеді. Бітім тоқтатылғаннан кейін Израиль билігі "Хамаста 126 израильдік пен 11 шетелдік тұтқында қалды, ұрланған 110 адам босатылды" деп мәлімдеді.Тараптардың аумақтық мүдделеріне қатысты Палестина – Израиль арасындағы қақтығысы ондаған жылдар бойы аймақта шиеленіс көзі болды. 1947 жылы БҰҰ шешімі екі мемлекеттің – Израиль мен Палестинаның құрылуын анықтағанмен, тек Израиль мемлекеті ғана құрылды.
украина
палестина
израиль
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/348/53/3485398_28:0:473:334_1920x0_80_0_0_6242f40b3719f993204d270d99fc7a48.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, палестина, израиль
украина, палестина, израиль
Еуропарламент депутаты Украинаға қатысты Еуроодақты сынға алды
Еуропарламент депутаты сондай-ақ Батыс саясаткерлері Украина мен Газада қақтығыстар тудырып, кімнің мүддесін қолдап отырғанына қатысты күмән келтірді
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Еуроодақтың саясаткерлері Украина мен Газа секторындағы қақтығыстарды бастауға және одан әрі қоздыруға кінәлі, деп жазды Еуропарламент депутаты Мик Уоллес "X" әлеуметтік желісінде. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Неліктен саясаткерлер бейбітшілікті емес, соғыс басталуын қолдайды? Украинадағы қақтығыс олар үшін жеткіліксіз болып, енді олар Израильді қолдауға шешім қабылдады", - деді Уоллес.
Еуропарламент депутаты сондай-ақ Батыс саясаткерлері Украина мен Газада қақтығыстар тудырып, кімнің мүддесін қолдап отырғанына қатысты күмән келтірді.
7 қазанда Палестинаның ХАМАС қозғалысы "Әл-Ақса дауылы" операциясы аясында Израильге зымыранмен шабуылдады. Осыдан кейін ұйымның жауынгерлері Израильдің оңтүстігіндегі шекаралас аймақтарға еніп, 200-ден астам адамды кепілге алды. Израильде, биліктің соңғы мәліметі бойынша, шамамен 1,2 мың адам қайтыс болды, олардың қатарында бейбіт тұрғындар, сарбаздар, шетелдік азаматтар мен жұмысшылар бар. Сонымен қатар 5 мыңнан астам адам зардап шеккені туралы хабарланды.
Бұған жауап ретінде Израиль қорғаныс армиясы Газа секторындағы Хамасқа қарсы "Темір қылыш" операциясын бастады. Бірнеше күн ішінде Израиль әскери күштері Газа шекарасындағы барлық елді мекендерді бақылауға алып, сектор аумағындағы нысандарға, соның ішінде азаматтық нысандарға авиациялық соққылар жасай бастады. Сондай-ақ Израиль Газа секторының толық блокадасын жариялады: су, азық-түлік, электр энергиясы, дәрі-дәрмек, отын жеткізу тоқтатылды.Еуропарламент депутаты Украинаға қатысты Еуроодақты сынға алды
Қазан айының соңында анклавтағы Израиль операциясының жердегі кезеңі басталды. Газа қаласын Израиль құрлық күштері қоршап алды, ал анклав іс жүзінде оңтүстік және Солтүстік бөліктерге бөлінді.
Газа секторында Израиль соққы жасаған уақыттан бастап қаза тапқандар саны 17 мыңнан асты, 48 мыңнан астам адам зардап шекті. ХАМАС Газа секторында шамамен 200-250 адам кепілге алынғанын мәлімдеді. Бітім тоқтатылғаннан кейін Израиль билігі "Хамаста 126 израильдік пен 11 шетелдік тұтқында қалды, ұрланған 110 адам босатылды" деп мәлімдеді.
Тараптардың аумақтық мүдделеріне қатысты Палестина – Израиль арасындағы қақтығысы ондаған жылдар бойы аймақта шиеленіс көзі болды. 1947 жылы БҰҰ шешімі екі мемлекеттің – Израиль мен Палестинаның құрылуын анықтағанмен, тек Израиль мемлекеті ғана құрылды.