Елордада жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау басталды

© Sputnik / Владислав ВодневМногоэтажный жилой комплекс в Нур-Султане
Многоэтажный жилой комплекс в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2023
Жазылу
Бұл бағдарламаға Астанада кезекте тұрған азаматтар қатыса алады
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Тұрғын үй орталығы "Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды.
Қабылдау 20 желтоқсан сағат 09:00-ден 28 желтоқсан сағат 23:59-ға дейін жалғасады.
Құжаттарды қабылдау тек qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы электронды түрде жүргізіледі.
Бұл бағдарламаға Астана қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезекте тұрған төмендегі санаттағы азаматтар қатыса алады:
жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
жасы бойынша зейнеткерлер;
жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
қандастар;
экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
көпбалалы отбасылар;
мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
толық емес отбасылар.
Өтініш беру үшін қажет құжаттар:
1.
ЭЦҚ кілті;
2.
отбасының барлық мүшелеріне ҚР бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ немесе бар екендігі туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы;
3.
балалардың туу туралы куәліктерінің сканерленген нұсқасы / отбасы мүшелерінің жеке куәлігі (бар болса);
4.
неке қию/бұзу/ әке болуды анықтау туралы куәліктің сканерленген нұсқасы/ №4 формасы/ қайтыс болу туралы куәлік (бар болса);
5.
жылжымайтын мүлікті белгілейтін құқықтық құжаттарының сканерленген нұсқасы (бар болса);
6.
мүгедектік туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (бар болса).
Жаңалықтар
0