Биыл білім саласында қандай мәселелер шешілді - үкімет жылды қорытындылады

© Photo : Пресс-служба акимата АстаныНовая школа в Астане
Новая школа в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2023
Жазылу
Биыл ел бойынша 137 мың оқушыға арналған 165 мектеп пайдалануға берілді. Осылайша, 12 апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқытатын 29 мектеп бойынша мәселе шешілді
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Қазіргі уақытта республикада мемлекет басшысының барлық деңгейдегі білім беру саласын нығайту жөніндегі бірқатар маңызды бастамалары іске асырылуда. Primeminister.kz аталған салада бір жылда атқарылған жұмыстарға шолу ұсынды.
Осы жылдың айшықты оқиғаларының бірі "Жайлы мектеп" ұлттық жобасының басталуы болды, оның аясында 740 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 369 мектеп салынады.
Биыл ел бойынша 137 мың оқушыға арналған 165 мектеп пайдалануға берілді. Осылайша, 12 апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқытатын 29 мектеп бойынша мәселе шешілді. 210-нан астам мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 461 мың оқушыға арналған 217 мектептің құрылысы басталды (екі ауысымда).
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры құрылған сәттен бастап (жемқорлардан қайтарылған қаражат) арнайы шотқа 151,9 млрд теңге түсті. Нәтижесінде жалпы сомасы 96,5 млрд теңгеге 76,7 мың оқушыға арналған 62 мектептің құрылысы қаржыландырылды. Биылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 28,6 мың оқушыға арналған 17 мектеп пайдалануға берілді.
Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында 718 мектеп 1 067 заманауи химия, физика, биология, STEM және робототехника кабинеттерімен жабдықталды.
1 қыркүйектен бастап 1,6 млн бала тегін ыстық тамақпен қамтылды, олардың ішінде 1,4 млн бастауыш сынып оқушысы және әлеуметтік осал топтардан шыққан 200 мыңнан астам бала бар.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігін күшейту үшін тиісті жүйелер, атап айтқанда, бейнекамералар, дабыл түймешелері, турникеттер орнатылып, жұмысы қамтамасыз етілген.
"Балабақшаға есепке алудың бірыңғай базасы" әзірленіп, іске асырылуда. Екі облыста балабақшаға есепке алу жүйесі пилоттық режимде жұмыс істейді. 2024 жылы толық іске қосу жоспарланған.
Биылғы қаңтар айында мұғалімдердің жалақысы тағы 25%-ға өсті. Осылайша, 4 жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы 2 есе көбейіп отыр.
Қыркүйек айынан бастап 98 мыңға жуық тәрбиешінің жалақысы 30%-ға артты.
"Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы". Президенттік жастар кадр резервінің үлгісі бойынша мықты педагогтар қатарынан кадр резервін іріктеу және даярлау жөніндегі бағдарлама әзірленіп, іске асырылуда.
Білім беру ұйымдарында тәрбие сапасын арттыру бойынша "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" қабылданды.
Азаматтарға жоғары білімді қолжетімді етудің қосымша тетігі ретінде "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін әзірлеу басталды.
Жаңалықтар
0