https://sputnik.kz/20231219/almatyda-qytay-kolikteri-shygarylady-41033958.html
Алматыда қытай көліктері шығарылады
Алматыда қытай көліктері шығарылады
Sputnik Қазақстан
Екі жаңа зауытта қытай брендінің 170 мыңға жуық көлігін шығару жоспарлануда 19.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-19T13:44+0500
2023-12-19T13:44+0500
2023-12-19T13:44+0500
алматы
өндіріс
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/13/41031971_0:66:1281:786_1920x0_80_0_0_998ab6728962894f7ab06649898db4ca.jpg
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Алдағы екі жылда Алматыда қытай көліктерінің өндірісі басталады. Бұл туралы Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасындағылар хабарлады.Кемінде 220 мың автомобиль шығаратын автокластерді қалыптастыру аясында жобалық қуаты 170 мың автомобильге дейін екі жаңа автомобиль зауытын пайдалануға беру жоспарланып отыр.Жоба аясында оңтүстік астанада қытайлық Changan, Chery, Haval брендтерінің мультибрендті зауыты (жылына 90 мың автомобиль) және Orbis Manufacturing зауыты (жылына 80 мың автокөлік) құрылады. Әкімдіктің мәліметінше, Алматыда экономиканы дамыту үшін жыл сайынғы өсімі 10 пайызды құрайтын инвестиция тарту жоспарланып отыр.2024 жылы – 1,8 триллион теңге, 2025 жылы – 2,1 триллион теңге. Индустриалды аймақты кеңейту 2025-2026 жылдары 230 миллиард теңгенің қосымша жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл шаралар Алматының экономикалық өсімін 2025 жылы 6,5 пайызға жеткізуге бағытталған.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/13/41031971_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_78d65ecac81e3c6b19ca72a2f9a18fb0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, өндіріс
Алматыда қытай көліктері шығарылады
Екі жаңа зауытта қытай брендінің 170 мыңға жуық көлігін шығару жоспарлануда
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Алдағы екі жылда Алматыда қытай көліктерінің өндірісі басталады. Бұл туралы Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасындағылар хабарлады.
Кемінде 220 мың автомобиль шығаратын автокластерді қалыптастыру аясында жобалық қуаты 170 мың автомобильге дейін екі жаңа автомобиль зауытын пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Жоба аясында оңтүстік астанада қытайлық Changan, Chery, Haval брендтерінің мультибрендті зауыты (жылына 90 мың автомобиль) және Orbis Manufacturing зауыты (жылына 80 мың автокөлік) құрылады. Әкімдіктің мәліметінше, Алматыда экономиканы дамыту үшін жыл сайынғы өсімі 10 пайызды құрайтын инвестиция тарту жоспарланып отыр.
2024 жылы – 1,8 триллион теңге, 2025 жылы – 2,1 триллион теңге. Индустриалды аймақты кеңейту 2025-2026 жылдары 230 миллиард теңгенің қосымша жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл шаралар Алматының экономикалық өсімін 2025 жылы 6,5 пайызға жеткізуге бағытталған.