https://sputnik.kz/20231218/zhambyl-politsiyasy-qar-qursauynda-bir-otbasy-usip-olgeni-turaly-aqparatty-zhoqqa-shygardy-41022723.html
Жамбыл полициясы қар құрсауында бір отбасы үсіп өлгені туралы ақпаратты жоққа шығарды
Жамбыл полициясы қар құрсауында бір отбасы үсіп өлгені туралы ақпаратты жоққа шығарды
Sputnik Қазақстан
Әлеуметтік желіде таралған тізімде қар құрсауынан құтқарылған адамдардың деректері көрсетілген 18.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-18T16:51+0500
2023-12-18T16:51+0500
2023-12-18T16:51+0500
жамбыл облысы
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_0:0:3262:1836_1920x0_80_0_0_da8e2ce8f6e6dbc2a1bc656d54fce241.jpg
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауы салдарынан бірде-бір адам қайтыс болған жоқ, деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Әлеуметтік желіде Қордай асуында адамдар үсіп, бүтіндей бір отбасы қайтыс болғаны туралы фото-видео тарады. Қаза болды делінген адамдардың тізімі де пайда болды."Бұл тізімде қар құрсауынан құтқарылған және жылыту үшін мектепке жеткізілген адамдардың деректері көрсетілген. Адам мәйіттері салынған табыттардың суретіне келер болсақ, оларды жерлеу үшін біздің облыс арқылы транзитпен тасымалдаған ", - деп жазылған хабарламада.Жамбыл облысының полиция департаменті жалған ақпаратты таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ескертіп, тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.
https://sputnik.kz/20231217/zhambyl-men-zhetisu-oblystarynda-zholdardyn-birneshe-uchaskesi-zhabyldy-41009105.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_147:0:3240:2320_1920x0_80_0_0_168ed75dcaa792ae699ec9cafc9b967c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы
Жамбыл полициясы қар құрсауында бір отбасы үсіп өлгені туралы ақпаратты жоққа шығарды
Әлеуметтік желіде таралған тізімде қар құрсауынан құтқарылған адамдардың деректері көрсетілген
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауы салдарынан бірде-бір адам қайтыс болған жоқ, деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желіде Қордай асуында адамдар үсіп, бүтіндей бір отбасы қайтыс болғаны туралы фото-видео тарады. Қаза болды делінген адамдардың тізімі де пайда болды.
"Бұл тізімде қар құрсауынан құтқарылған және жылыту үшін мектепке жеткізілген адамдардың деректері көрсетілген. Адам мәйіттері салынған табыттардың суретіне келер болсақ, оларды жерлеу үшін біздің облыс арқылы транзитпен тасымалдаған ", - деп жазылған хабарламада.
Жамбыл облысының полиция департаменті жалған ақпаратты таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ескертіп, тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.