Президент Қатар әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

© Sputnik / Санат ИмангалиевВиды резиденции президента Казахстана - Акорды
Виды резиденции президента Казахстана - Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2023
Жазылу
Ол шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді және Қатар халқын ұлттық мерекесімен құттықтады
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Президент Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді және Қатар халқын ұлттық мерекесімен құттықтады.
Тоқаев бүгінде Қатар мемлекеті экономикасы қарқынды дамыған, өңірлік және жаһандық тұрғыдан кеңінен мойындалған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі ретінде танылғанын атап өтті.
"Әсіресе, сіздің басшылығыңызбен жүргізіліп жатқан бітімгерлік бастамалар мен әлемдік деңгейдегі шаралар осыған дәлел бола алады. Осы тұста сіздің сындарлы көшбасшылығыңызбен еліңіз алдағы уақытта да өркендеп, мақсат-мұраттарға жете беретініне сенімдімін", - деді президент.
Ол сондай-ақ Қатар Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді әрі басты серіктестерінің біріне айналып, екі елді сындарлы да мазмұнды қатынастар нығая түскенін ерекше атап өтті
"Болашақта дәстүрлі достық пен бауырластық рухындағы берік ынтымақтастығымыз жалғасын тауып, халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне зор үміт артамын", – деп жазылған Тоқаевтың құттықтау жеделхатында.
Жаңалықтар
0