Смайылов Мәскеудегі халықаралық көрмені аралады

© Photo : Пресс-служба правительства Казахстана Әлихан Смайылов Мәскеудегі "Ресей" халықаралық көрме-форумына қатысты
 Әлихан Смайылов Мәскеудегі Ресей халықаралық көрме-форумына қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2023
Жазылу
Жүк көтергіш жабдықтарды Солтүстік Қазақстанда жасап шығару бойынша Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы ұсынылды
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Мәскеудегі "Ресей" халықаралық көрме-форумына қатысты.
© Photo : Пресс-служба правительства Казахстана Әлихан Смайылов Мәскеудегі "Ресей" халықаралық көрме-форумына қатысты
Активизировать работу по обеспечению граждан СНГ качественной медициной призвал премьер РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2023
Әлихан Смайылов Мәскеудегі "Ресей" халықаралық көрме-форумына қатысты
Свердлов облысының стенді аясында Солтүстік Қазақстан облысының еркін экономикалық аймағында жүк көтергіш жабдықтарды жасап шығару бойынша Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы ұсынылды.
"Қазіргі уақытта жобалау жұмыстары жүргізіліп, іргетасы қаланған, 2024 жылғы қарашада жабдықтардың сынама партиясын шығару, 2025 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр", - деп жазылған үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Челябі облысының стенді аясында Қазақстанда бульдозер техникасы мен ауыл шаруашылығы тракторларының өндірісін локализациялау, сондай-ақ су және газ құбырларын шығаратын зауыт салу бойынша жобалар таныстырылды.
© Photo : Пресс-служба правительства Казахстана Әлихан Смайылов Мәскеудегі "Ресей" халықаралық көрме-форумына қатысты
Активизировать работу по обеспечению граждан СНГ качественной медициной призвал премьер РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2023
Әлихан Смайылов Мәскеудегі "Ресей" халықаралық көрме-форумына қатысты
Санкт-Петербург стендінде Қазақстанда дәрілік препараттар өндірісін локализациялау және байыту фабрикаларының техникасын жаңарту бойынша жобалар ұсынылған.
Сонымен қатар көрмені аралау кезінде Әлихан Смайылов пен басқа елдер делегацияларының басшылары Татарстан және Башқұртстан республикалары, Мәскеу облысы және басқа өңірлердің стендтерімен танысты.
Жаңалықтар
0