Қостанай облысында қоқыс жәшігінен нәрестенің мәйіті табылды

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өту Младенец

Младенец  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2023
Жазылу
Рудный қаласының полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 100-бабы "Туған баланы анасының өлтіруі" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады
АЛМАТЫ, 18 желтоқсан - Sputnik. Қостанай облысы Рудный қаласында жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Оқиға 17 желтоқсан сағат 12 шамасында болған.

"Рудный қаласында Корчагин көшесінде орналасқан үйдің жанында қоқыс жәшігінде полиэтилен пакетке оралған жаңа туған баланың мәйіті табылған. Рудный қаласының полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 100-бабы "Туған баланы анасының өлтіруі" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - дейді ведомстводағылар.

Полиция бұл қылмысты жасаған адамды дереу іздеуге кіріскен.
"Егер сіз осы қылмыстың куәгері болсаңыз, полицияға 102, 52-60-22, 52-59-25 нөмірлері бойынша хабарлауды сұраймыз. Кез келген аз ғана ақпарат тергеуге көмектесе алады", - деп Қостанай облысының полиция департаменті хабарландыру жасады.
Жаңалықтар
0