https://sputnik.kz/20231218/aqtauda-paterlerde-zhylu-tomendep-ketti---akim-tusinikteme-berdi-41018223.html
Ақтауда кейбір үйлерде жылу әлі жоқ - әкім түсініктеме берді
Ақтауда кейбір үйлерде жылу әлі жоқ - әкім түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 18 желтоқсан - Sputnik. Ақтауда тұрғындар пәтерлерінің суығына шағымданып жатыр. Бұл ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Жағдайға қатысты Ақтау әкімі... 18.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-18T11:35+0500
2023-12-18T11:35+0500
2023-12-18T11:45+0500
ақтау
https://sputnik.kz/img/07e7/02/16/32349166_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_0c4ba2ddb635e8fca0cc165f6077f23f.jpg
АЛМАТЫ, 18 желтоқсан - Sputnik. Ақтауда тұрғындар пәтерлерінің суығына шағымданып жатыр. Бұл ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Жағдайға қатысты Ақтау әкімі Ұлықбек Тінәлиев түсініктеме берді.Тұрғындардың айтуынша, жылу магистралінде 10 желтоқсанда болған апаттан кейін пәтерлердегі жылу төмендеп кеткен. Ал қала әкімі аяз бен тозып кеткен инженерлік жүйелер коммуналдық проблемаларға әкелгенін айтады."Магистральдық құбырда апат болды. Соның салдарынан кейбір шағын аудандарда жылу айналымы бұзылды. Біз барлық көппәтерлі тұрғын үйлерге жылу бердік. Әрине, тұрғындардың шағымдары бар, себебі жылу желілерінде айналым жоқ", - әкімнің бұл уәжін Lada.kz жазды.Әкімнің айтуынша, жылу жүйелерінде ауа қалып қойған."Жоғарғы шағын аудандарда 16-19 қабатқа дейін жететін көп қабатты ғимараттар бар, онда бүкіл айналымды қамтамасыз ететін қуатты жылу сорғылары бар. Мұндай жағдай жақында 27-ші шағын ауданда болды. Содан кейін біз тез арада жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Ол үшін 19, 16, 17 шағын аудандарды тексеруге тура келді. Бірқатар үйлерде біз сорғыларды өшірдік. Осының арқасында біз 27-ші шағын ауданда жылыту мәселесін жолға қойдық. Бірақ магистральдық құбырдағы апат бүкіл жылу жүйесін бұзды. Қазір біз апаттың салдарын жойып жатырмыз", - деп түсіндірді ол.
https://sputnik.kz/20231217/aqtau-turgyndary-10-kun-boyy-zhylusyz-otyrganyna-shagymdandy-41004670.html
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/16/32349166_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_e0c768c8ebef76826c54937a1ccc4650.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтау
Ақтауда кейбір үйлерде жылу әлі жоқ - әкім түсініктеме берді
11:35 18.12.2023 (жаңартылды: 11:45 18.12.2023) АЛМАТЫ, 18 желтоқсан - Sputnik. Ақтауда тұрғындар пәтерлерінің суығына шағымданып жатыр. Бұл ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Жағдайға қатысты Ақтау әкімі Ұлықбек Тінәлиев түсініктеме берді.
Тұрғындардың айтуынша, жылу магистралінде 10 желтоқсанда болған апаттан кейін пәтерлердегі жылу төмендеп кеткен. Ал қала әкімі аяз бен тозып кеткен инженерлік жүйелер коммуналдық проблемаларға әкелгенін айтады.
"Магистральдық құбырда апат болды. Соның салдарынан кейбір шағын аудандарда жылу айналымы бұзылды. Біз барлық көппәтерлі тұрғын үйлерге жылу бердік. Әрине, тұрғындардың шағымдары бар, себебі жылу желілерінде айналым жоқ", - әкімнің бұл уәжін Lada.kz жазды.
Әкімнің айтуынша, жылу жүйелерінде ауа қалып қойған.
"Жоғарғы шағын аудандарда 16-19 қабатқа дейін жететін көп қабатты ғимараттар бар, онда бүкіл айналымды қамтамасыз ететін қуатты жылу сорғылары бар. Мұндай жағдай жақында 27-ші шағын ауданда болды. Содан кейін біз тез арада жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Ол үшін 19, 16, 17 шағын аудандарды тексеруге тура келді. Бірқатар үйлерде біз сорғыларды өшірдік. Осының арқасында біз 27-ші шағын ауданда жылыту мәселесін жолға қойдық. Бірақ магистральдық құбырдағы апат бүкіл жылу жүйесін бұзды. Қазір біз апаттың салдарын жойып жатырмыз", - деп түсіндірді ол.