Әлихан Смайылов ТМД азаматтарын сапалы медицинамен қамту жұмысын күшейтуге шақырды

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаСмайылов ТМД азаматтарын сапалы медицинамен қамту жұмысын күшейтуге шақырды
Смайылов ТМД азаматтарын сапалы медицинамен қамту жұмысын күшейтуге шақырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2023
Жазылу
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде ұйым азаматтарын сапалы және қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастықты жандандыруға шақырды.
"Азаматтарымызды сапалы және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамсыз ету біздің өзара іс-қимылымыздың маңызды бағыты болып саналады. Осыған байланысты ТМД-да бар өзара іс-қимылдың барлық тетігін, соның ішінде Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық кеңесінің жұмысын белсенді етуге шақырамыз", - деді Смайылов.
Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) қолдауымен алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша елдердің коалициясын құруды ұсынды.
Премьер-министрдің айтуынша, бұл алдын алу, денсаулықты қорғау қағидаттарын ілгерілетуге және бірлескен ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.
Смайылов Достастық елдерінде дене шынықтыру және спорт саласында атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды.
Оның айтуынша, "осы жылы ТМД елдерінде мүмкіндігі шектеулі балалар арасында спорттық жарыстарды өткізудің ұйымдастырушылық-құқықтық негізінің құрылуы бұл бағыттағы елеулі жетістік болды".
Жаңалықтар
0