Тоқаев Кувейт әмірінің дүниеден озуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
16:30 17.12.2023 (жаңартылды: 16:31 17.12.2023)
© Sputnik / Санат ИмангалиевВиды резиденции президента Казахстана - Акорды
© Sputnik / Санат Имангалиев
Жазылу
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Президент Кувейт мемлекетінің жаңа әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт әмірі шейх Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахтың дүниеден озуына байланысты Кувейт мемлекетінің жаңа әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахқа және Кувейт халқына көңіл айтты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт әмірі шейх Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахтың дүниеден озуына байланысты Кувейт мемлекетінің жаңа әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахқа және Кувейт халқына көңіл айтты.
"Кувейт Мемлекетінің Әмірі шейх Наууаф әл-Ахмад әл- Джабер ас-Сабахтың дүниеден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Шейх Наууаф өз өмірін Кувейттің өсіп-өркендеуіне және халқының баянды болашағын қамтамасыз етуге, аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға арнаған тұлға", - деп жазылған жеделхатта.
Қазақстан халқы оны парасатты басшы, халықаралық деңгейдегі беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тарихи қайраткер ретінде әрдайым есінде сақтайды, деді Тоқаев.
"Қаралы сәтте Сізге және әулетіңізге, сондай-ақ барша отандастарыңызға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, қайғыға ортақтасамын", – деген президент.