Рудныйда қоқыс контейнерінен нәрестенің мәйіті табылды

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өту Младенец

Младенец  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Рудный қаласында көшедегі күл-қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция депаратменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, бүгін сағат 12:00-де Корчагин көшесіндегі қоқыс контейнерінде полиэтилен пакетке салынған сәбидің мәйіті табылды.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 100-бабы (Жаңа туған баланы анасының өлтiруi) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Полицейлер осы қылмысты жасаған адамды іздестіруге кірісті.
Осы орайда полиция депаратменті қылмысты көрген адамдар болса, 102 немесе 52-60-22, 52-59-25 нөмірлеріне хабар беруді сұрайды.
Айта кетері, осы қылмыс үшін төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Мягкая игрушка висит на капельнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2023
Өскеменде алты айлық сәби қызылшадан көз жұмды
Жаңалықтар
0