https://sputnik.kz/20231217/qazaqstan-azamaty-ontustik-koreya-prezidentinin-arnayy-syylygyna-ie-boldy-41004119.html
Қазақстан азаматы Оңтүстік Корея президентінің арнайы сыйлығына ие болды
Қазақстан азаматы Оңтүстік Корея президентінің арнайы сыйлығына ие болды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық Дмитрий Ли Оңтүстік Корея президентінің арнайы сыйлығына ие болды, деп хабарлайды 24.kz. 17.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-17T12:29+0500
2023-12-17T12:29+0500
2023-12-17T12:30+0500
оңтүстік корея
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/11/41003956_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_f6f648bc66f77e88dde01e8ffb360f70.jpg
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық Дмитрий Ли Оңтүстік Корея президентінің арнайы сыйлығына ие болды, деп хабарлайды 24.kz. Жүлдені президенттің атынан Инчхон қаласының мэрі табыстады. Дмитрий Ли басқарып отырған компания бір жылдың ішінде 30 миллион долларға тауар экспорттап, жергілікті биліктің ерекше ықыласына бөленді.Ли Оңтүстік Кореяға 2019-шы жылы көшіп барған. Әуелі жүргізуші болып жұмыс істеп, артынан көлік экспортымен айналысып кетті. Ал Кореяға көшкенге дейін Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген. "KAZAKH-TV" арнасында ағылшын тілінде жаңалықтарды жүргізді."Әрине, мұнда жергілікті кәсіпкерлермен салыстырғанда, бізге, шетелдіктерге әлдеқайда қиын. Өйткені тіл мен заңнаманы жақсы біле бермейсің. Мұның бәрін зерттеуге көп уақыт қажет. Бірақ маған бірнеше шет тілді, оның ішінде ағылшын мен орыс тілін жетік білетінім көп көмектесті. Әсіресе шетелдік сатып алушылармен кездесіп, байланыс орнатуыма септігін тигізді", - дейді автокөлік экспорттаушы компанияның иесі.Корея сауда қауымдастығының Инчхон орталығы директоры Сим Джун Соктың айтуынша, президенттің сыйлығы Корея экономикасына қомақты үлес қосқаны үшін беріледі."Біз экспорттаушыларды жергілікті және шетелдік деп бөлмейміз. Жүлде кем дегенде 1 миллион долларға кореялық тауарларды экспорттаған бизнесмендерге беріледі", - деп атап көрсетті Сок.
оңтүстік корея
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/11/41003956_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_7d5082605bd03cec892ea09a39e012e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оңтүстік корея
Қазақстан азаматы Оңтүстік Корея президентінің арнайы сыйлығына ие болды
12:29 17.12.2023 (жаңартылды: 12:30 17.12.2023) АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық Дмитрий Ли Оңтүстік Корея президентінің арнайы сыйлығына ие болды, деп хабарлайды
24.kz.
Жүлдені президенттің атынан Инчхон қаласының мэрі табыстады. Дмитрий Ли басқарып отырған компания бір жылдың ішінде 30 миллион долларға тауар экспорттап, жергілікті биліктің ерекше ықыласына бөленді.
Ли Оңтүстік Кореяға 2019-шы жылы көшіп барған. Әуелі жүргізуші болып жұмыс істеп, артынан көлік экспортымен айналысып кетті. Ал Кореяға көшкенге дейін Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген. "KAZAKH-TV" арнасында ағылшын тілінде жаңалықтарды жүргізді.
"Әрине, мұнда жергілікті кәсіпкерлермен салыстырғанда, бізге, шетелдіктерге әлдеқайда қиын. Өйткені тіл мен заңнаманы жақсы біле бермейсің. Мұның бәрін зерттеуге көп уақыт қажет. Бірақ маған бірнеше шет тілді, оның ішінде ағылшын мен орыс тілін жетік білетінім көп көмектесті. Әсіресе шетелдік сатып алушылармен кездесіп, байланыс орнатуыма септігін тигізді", - дейді автокөлік экспорттаушы компанияның иесі.
Корея сауда қауымдастығының Инчхон орталығы директоры Сим Джун Соктың айтуынша, президенттің сыйлығы Корея экономикасына қомақты үлес қосқаны үшін беріледі.
"Біз экспорттаушыларды жергілікті және шетелдік деп бөлмейміз. Жүлде кем дегенде 1 миллион долларға кореялық тауарларды экспорттаған бизнесмендерге беріледі", - деп атап көрсетті Сок.