Алматыда қар көшкіні жүруі мүмкін – құтқарушылар ескерту жасады

© Photo : ДЧС АлматыСпуск лавин
Спуск лавин - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Алматыда қалың қарға байланысты бірнеше жерде қар көшкіні қаупі күшейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық төтенше жағдайлар депаратментіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Қазгидромет дауылды ескерту жариялаған болатын. Қалада кешеден бері қар толастамай жауып жатыр.
"Алматы маңындағы тауларда 2600 -ден жоғары биіктікте қар қалындығының 25 сантиметрге ұлғайуына байланысты үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде және Богданович мұздығының ауданында қар көшкіні жүруі мүмкін. Аса қауіпті екенін хабарлаймыз", - дейді құтқарушылар.
Мамандар туристерді, алматылықтарды және демалыста жүрген адамдарды тауға бармауға кеңес беріп отыр.
"Егер сіз кейбір себеппен тауда қалып қалып, көмек қажет болса, 112, 109 немесе 8 (727) 372 -15-60 ( "ҚР ТЖМ Республикалық жедел құтқару жасағы " ММ кезекші-диспетчерлік бөлімшесі) қызметтеріне қоңырау шалыңыз", - деді департамент қызметкерлері.
Уборка снега в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2023
Алматыда тоғыз сантиметр қар түсті
Жаңалықтар
0