https://sputnik.kz/20231217/79-zhyldan-keyin-qazaqstandyq-zhauyngerdin-tuystaryna-medal-quzhattary-tabystaldy-41004238.html
79 жылдан кейін қазақстандық жауынгердің туыстарына медаль құжаттары табысталды
79 жылдан кейін қазақстандық жауынгердің туыстарына медаль құжаттары табысталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық жауынгер Дүйсембай Бүлкібаевтың туыстары араға 79 жыл салып, атасының "Ерлігі үшін"... 17.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-17T13:17+0500
2023-12-17T13:17+0500
2023-12-17T13:17+0500
қазақстандық жауынгер
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/11/41002070_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_9053978282a136500871ac42b2f7ee6b.jpg
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық жауынгер Дүйсембай Бүлкібаевтың туыстары араға 79 жыл салып, атасының "Ерлігі үшін" медалінің құжаттарын алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Салтанатты рәсім Қазақстандағы Ресей елшілігінде өтті."1943 жылы 18 жастағы Дүйсембай Бүлкібаев Қызыл армия қатарына шақырылып, 32-ші Таман атқыштар дивизиясынның құрамында соғысты. Ал 1944 жылы "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды", - дейді елшілік мамандары.Жауынгер Бүлкібаев медалін алғаннан кейін бір айдан соң майданда қаза тапты. Қырымдағы Юраков Кут ауылының жанындағы бауырластар зиратында жерленді. Ал оның туыстарында батырдың фотосы да қалмады. Дегенмен, 79 жыл өтсе де, батырдың ерлігі ұмытылған жоқ.Архив мамандары мен дипломаттар қазақстандық жауынгер алған медальдің құжаттарын тауып алды. Ресей елшілігі әскери атташесінің көмекшісі оны батырдың жиені Көшеновке салтанатты түрде табыстады.Дүйсембай Бүлкібаевтың туыстары өз алғысын айтып, сол кездегі батыр бабаларымыздың ерлігін ұмытпау алдағы ұрпақтың негізгі міндеті екенін ерекше атап өтті."Сол кісілердің жанкештілігі болмаса, қазіргі әлем мүлдем өзгеше болатын еді", - деді батырдың жиені.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/11/41002070_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_9be231b4e38a0ed570e6e73eac944753.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстандық жауынгер
79 жылдан кейін қазақстандық жауынгердің туыстарына медаль құжаттары табысталды
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық жауынгер Дүйсембай Бүлкібаевтың туыстары араға 79 жыл салып, атасының "Ерлігі үшін" медалінің құжаттарын алды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Салтанатты рәсім Қазақстандағы Ресей елшілігінде өтті.
"1943 жылы 18 жастағы Дүйсембай Бүлкібаев Қызыл армия қатарына шақырылып, 32-ші Таман атқыштар дивизиясынның құрамында соғысты. Ал 1944 жылы "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды", - дейді елшілік мамандары.
Жауынгер Бүлкібаев медалін алғаннан кейін бір айдан соң майданда қаза тапты. Қырымдағы Юраков Кут ауылының жанындағы бауырластар зиратында жерленді. Ал оның туыстарында батырдың фотосы да қалмады. Дегенмен, 79 жыл өтсе де, батырдың ерлігі ұмытылған жоқ.
Архив мамандары мен дипломаттар қазақстандық жауынгер алған медальдің құжаттарын тауып алды. Ресей елшілігі әскери атташесінің көмекшісі оны батырдың жиені Көшеновке салтанатты түрде табыстады.
Дүйсембай Бүлкібаевтың туыстары өз алғысын айтып, сол кездегі батыр бабаларымыздың ерлігін ұмытпау алдағы ұрпақтың негізгі міндеті екенін ерекше атап өтті.
"Сол кісілердің жанкештілігі болмаса, қазіргі әлем мүлдем өзгеше болатын еді", - деді батырдың жиені.