Тәуелсіздік күніне орай Филадельфияда Қазақстанның туы көтерілді

© Sputnik / Болат ШайхиновФлаг Казахстана
Флаг Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.12.2023
Жазылу
Филадельфиядағы Қазақстанның туы үшінші рет көтеріліп отыр
АЛМАТЫ, 16 желтоқсан - Sputnik. Қазақстандықтар Американың Филадельфия қаласында Қазақстанның Тәуелсіздік күнін мерекелеп жатыр. Бұл дәстүр үшінші жыл қатарынан болып келеді. Қазақстанның Тәуелсіздік күні америкалық Филадельфияда атап өтіледі, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.
Мереке құрметіне АҚШ-та тұратын қазақстандықтар қала орталығына жиналып, Қазақстанның Мемлекеттік Туын ту тұғырына көтерді, содан кейін еліміздің әнұранын орындады. Іс-шараға қатысқан Қазақстан Республикасының Нью-Йорктегі Бас консулы Раушан Есболатова отандастарын құттықтап, екі ел арасында берік қарым-қатынас орнағанын айтты.
Сондай-ақ атаулы күннің құрметіне автошеру өтті. Филадельфиядағы Қазақстанның туы үшінші рет көтеріліп отыр. Бұндай шара алғаш рет 2021 жылы болды. Содан бері осы қалада мемлекеттік мерекенің құрметіне Қазақстан туын көтеру жыл сайынғы дәстүрге айналды.
Қазақстанның Нью-Йорктегі консулдығында хабарлағандай, мұндай іс-шаралар Қазақстан азаматтары тұратын АҚШ-тың басқа қалаларында да өтіп жатыр. Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекеттердің бірі.
Естеріңізге сала кетейік, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заң қабылдады
Жаңалықтар
0