"Қонаев сенің кімің?": ұлытаулық желтоқсаншы басынан өткен оқиғаны айтып берді

© Sputnik / Болат ШайхиновМонумент Қазақ елі в Астане, фото из архива
Монумент Қазақ елі в Астане, фото из архива  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.12.2023
Жазылу
Дүйсенбек Байболұлы ешқашан естен шығармайтын бір дата бар. Ол – Қонаевтың туған күні
АСТАНА, 16 желтоқсан - Sputnik. Желтоқсан оқиғасына сол кездегі Жезқазған облысынан қатысқан адамдардың нақты саны белгісіз. Анығы, 30-ға тарта азамат қуғынға ұшырады. Бірнешеуі темір торға қамалды.
Солардың бірі – ұлытаулық Дүйсенбек Байболов, деп жазды Хабар 24.
5 жыл өмірін түрмеде өткізген азамат "желтоқсан оқиғасының әлі де ашылмаған құпиялары көп" дейді. Оған бір ғана дәлел, жазықсыз жаламен "бүлікші" атанған қаншама желтоқсаншы әлі күнге ақталмай келеді. Дүйсенбек Байболов желтоқсан оқиғасы кезінде Алматы байланыс техникумының 2 курсында оқитын. Азаттық үшін алаңға барған ол сақшылардың фото тұзағына ілігіп қалған. 1,5 ай тергеуден соң сот бес жыл жаза кесті. Ұлттың намысы үшін басын бәйгеге тіккен азаматқа тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып тағылды.
"Түнде тергейді, күндіз тергейді. Сол бір сарын әңгіме. Не үшін шықтың? Қандай мақсат? Қонаев сенің кімің еді? Қонаевтың жырын жырлайтын сен кімсің? Деген неше түрлі сөздер. Мен айтам, Қонаевтың туысы болсам, мен не үшін оқимын онда? Диплом онсыз да өзі келеді ғой деп. Жаза мерзімі аяқталуға жарты жыл қалғанда президент жарлығымен босап шықтым", - дейді Дүйсенбек Байболов.
Бірақ 3 жылға дейін ауылдан аттап шығуға тыйым салынды. Соның кесірінен оқуды да жалғастыра алмады. "Сотталғансың" деп еш жер жұмысқа да қабылдамаған.
Дүйсенбек Байболұлы ешқашан естен шығармайтын бір дата бар. Ол – Қонаевтың туған күні.
"12 қаңтарды білмейтін де едім. Қонаевтың туған күні екен. Сол күн қатты есімде қалып қойды. Өлердей таяқ жедім. Сізге өтірік, маған шын, фамилиямды айта алмай қалдым. 2 күн тұра алмай жаттым", - дейді ол.
Бет-ауызды қойшы, ішкі құрылысты бітірді. Желтоқсан оқиғасы жастық шағын ұрлады. Ауыр соққының салдарынан бір көзінен айырылды. Сынған қабырға мен қол-аяқ та ақырындап сыр беріп жүр. Дегенмен қайсар азамат өткенге өкінбейді. Жұртының жоғын жоқтаймын деп жазалы болған жігіт ағасын бүгінде елі алақанына салып аялап отыр. Былтыр Ұлытаудың Құрметті азаматы атанды. 10 жылдан бері Дүйсенбек Байболов жүлдесіне арналып күрестен аудандық турнир өтіп келеді.
Жаңалықтар
0