https://sputnik.kz/20231216/gime-murazhayynda-qazaq-dalasy-orkenietinin-madeni-kody-kormesi-otedi-40995066.html
Гиме мұражайында "Қазақ даласы өркениетінің мәдени коды" көрмесі өтеді
Гиме мұражайында "Қазақ даласы өркениетінің мәдени коды" көрмесі өтеді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 16 желтоқсан - Sputnik. Францияға жұмыс сапары аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Гиме (Guimet) мұражайының президенті Янник... 16.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-16T19:48+0500
2023-12-16T19:48+0500
2023-12-16T19:48+0500
франция
мәдениет және спорт министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e6/08/01/26455706_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_58dbdf618996504d06e0ce0ec97985dd.jpg
АЛМАТЫ, 16 желтоқсан - Sputnik. Францияға жұмыс сапары аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Гиме (Guimet) мұражайының президенті Янник Линтцпен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.Кездесу барысында Аида Балаева Қазақстан-Франция қарым-қатынасы Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эммануэль Макронның өзара сапарларынан кейін дамуға жаңа серпін алғанын атап өтті.Франция Президентінің Астанаға сапары аясында Гиме (Guimet) шығыс өнері мұражайында Қазақстанның тарихи мұраларының көрмесін өткізу туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілді.Аида Балаева мен Янник Линтц ауқымды шараның жай-жапсарын талқылады.Әлемге әйгілі Гиме (Guimet) мұражайы Азия өнерінің әлемдегі ең толық және Еуропадағы ең үлкен коллекциясына ие.Мұражай президенті қоймаларда Қазақстаннан алынған бірнеше жәдігер бар екенін, алайда жұртшылықтың қызығушылығын ескере отырып, музей қазақ мәдениеті мен тарихын сипаттайтын маңызды жәдігерлерді көбірек ұсынғысы келетінін айтты.
франция
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/01/26455706_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_0301b377e37a2a854ee74b211a54a6cd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
франция, мәдениет және спорт министрлігі
франция, мәдениет және спорт министрлігі
Гиме мұражайында "Қазақ даласы өркениетінің мәдени коды" көрмесі өтеді
АЛМАТЫ, 16 желтоқсан - Sputnik. Францияға жұмыс сапары аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Гиме (Guimet) мұражайының президенті Янник Линтцпен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Аида Балаева Қазақстан-Франция қарым-қатынасы Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эммануэль Макронның өзара сапарларынан кейін дамуға жаңа серпін алғанын атап өтті.
Франция Президентінің Астанаға сапары аясында Гиме (Guimet) шығыс өнері мұражайында Қазақстанның тарихи мұраларының көрмесін өткізу туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілді.
Аида Балаева мен Янник Линтц ауқымды шараның жай-жапсарын талқылады.
Әлемге әйгілі Гиме (Guimet) мұражайы Азия өнерінің әлемдегі ең толық және Еуропадағы ең үлкен коллекциясына ие.
Мұражай президенті қоймаларда Қазақстаннан алынған бірнеше жәдігер бар екенін, алайда жұртшылықтың қызығушылығын ескере отырып, музей қазақ мәдениеті мен тарихын сипаттайтын маңызды жәдігерлерді көбірек ұсынғысы келетінін айтты.