https://sputnik.kz/20231216/almaty-turgyndary-tauelsizdik-monumentine-gul-shogyn-qoydy-40993750.html
Алматы тұрғындары Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды
Алматы тұрғындары Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды
Sputnik Қазақстан
Салтанатты рәсім барысында 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды метрономның үнімен бір минут үнсіздікпен еске алды 16.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-16T14:48+0500
2023-12-16T14:48+0500
2023-12-16T14:48+0500
алматы
тәуелсіздік күні
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/10/40993286_20:0:1005:554_1920x0_80_0_0_9cd919340e70b87d56e2b3ccd45fd35e.jpg
АЛМАТЫ, 16 желтоқсан - Sputnik. Тәуелсіздік мерекесінде Алматылықтар монументке гүл шоғын қойды, деп хабарлайды қалалық әкімдік. 16 желтоқсанда қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінің 32 жылдығын кеңінен мерекелеп жатыр. "Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың, мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесі, Қоғамдық кеңес мүшелері мен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларына қатысушылардың, Ауған соғысы ардагерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен этномәдени бірлестіктер, қаланың жастар ұйымдары өкілдері "Тәуелсіздік" монументіне гүл шоқтарын қойды", - деп жазды ведомство. Салтанатты рәсім барысында 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды метрономның үнімен бір минут үнсіздікпен еске алды. Салтанатты рәсім Алматы өңірлік гарнизонының әскери-үрмелі оркестрі мен сарбаздарының мемлекеттік әнұранды орындауымен аяқталды.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/10/40993286_143:0:882:554_1920x0_80_0_0_38ac45f95ac127970e515172b9b88506.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, тәуелсіздік күні
Алматы тұрғындары Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды
Салтанатты рәсім барысында 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды метрономның үнімен бір минут үнсіздікпен еске алды
АЛМАТЫ, 16 желтоқсан - Sputnik. Тәуелсіздік мерекесінде Алматылықтар монументке гүл шоғын қойды, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
16 желтоқсанда қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінің 32 жылдығын кеңінен мерекелеп жатыр.
"Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың, мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесі, Қоғамдық кеңес мүшелері мен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларына қатысушылардың, Ауған соғысы ардагерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен этномәдени бірлестіктер, қаланың жастар ұйымдары өкілдері "Тәуелсіздік" монументіне гүл шоқтарын қойды", - деп жазды ведомство.
Салтанатты рәсім барысында 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды метрономның үнімен бір минут үнсіздікпен еске алды.
Салтанатты рәсім Алматы өңірлік гарнизонының әскери-үрмелі оркестрі мен сарбаздарының мемлекеттік әнұранды орындауымен аяқталды.