https://sputnik.kz/20231215/zhetisu-oblysynda-brutsellez-auruyn-zhuqtyrgan-adamdardyn-sany-kurt-osti-40938107.html
Жетісу облысында бруцеллез ауруын жұқтырған адамдардың саны күрт өсті
Жетісу облысында бруцеллез ауруын жұқтырған адамдардың саны күрт өсті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Жетісу өңірінде санитарлық дәрігерлер бруцеллез ауруын жұқтырған адамдардың саны күрт өскенін хабарлады. Бруцеллез жұқтыру... 15.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-15T10:32+0500
2023-12-15T10:32+0500
2023-12-15T10:32+0500
бруцеллез
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/11/18684589_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_8ce0eb82ce2496fb2658ade4b19089b2.jpg
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Жетісу өңірінде санитарлық дәрігерлер бруцеллез ауруын жұқтырған адамдардың саны күрт өскенін хабарлады. Бруцеллез жұқтыру көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 43,7 пайызға өсіп, қазірдің өзінде 116 адам ауруға шалдыққан. Ауруханаға жатқызылғандардың 27-сі кәмелетке толмаған.Ведомство мамандары науқастардың басым бөлігі ауылдық жерде тұратынын және бруцеллезді негізінен жануарлардан жұқтырғанын айтты."Инфекцияның негізгі көзі – ауыл шаруашылығы жануарлары. Бұл инфекция негізінен қой, ешкі, сиыр, түйе, сондай-ақ шошқа мен иттен жұғады. Ағзаға инфекция сүт және жеткіліксіз деңгейде өңделген ет өнімдері арқылы түседі. Сонымен қатар ауру малды күту, жүнін қырқу, сою, терісін сыпыру, көбінесе жаңа туған қозыларды төлдеу кезеңінде тамақтандыру кезінде жеке гигиена ережелерін сақтамау да ауру жұқтыруға әкеледі" - деді санитарлық дәрігерлер.Бруцеллезді емдеуден кейін оңалу мерзімі ұзаққа созылуы мүмкін. Егер емдеу кешіктірілсе, адам мүгедек болып қалуы мүмкін.Жануарларды күтіп-бағуға байланысты барлық жұмыс арнайы қорғаныш киімдерімен жүргізіліп, жеке гигиена ережелері сақталуы керек, деп ескертті ведомство.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/11/18684589_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_19210bb7bc7652274330dc2dc2731cc9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бруцеллез
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Жетісу өңірінде санитарлық дәрігерлер бруцеллез ауруын жұқтырған адамдардың саны күрт өскенін хабарлады. Бруцеллез жұқтыру көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 43,7 пайызға өсіп, қазірдің өзінде 116 адам ауруға шалдыққан. Ауруханаға жатқызылғандардың 27-сі кәмелетке толмаған.
"Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал аудандары мен Текелі қаласында эпидемиялогиялық жағдай нашарлады. Бұл аудандарда ауру тіркелу көрсеткіші облыстық көрсеткіштен 1,6-3,2 есеге жоғары", - деді Жетісу облыстық СЭҚД басшысының орынбасары Индира Күнбасова.
Ведомство мамандары науқастардың басым бөлігі ауылдық жерде тұратынын және бруцеллезді негізінен жануарлардан жұқтырғанын айтты.
"Инфекцияның негізгі көзі – ауыл шаруашылығы жануарлары. Бұл инфекция негізінен қой, ешкі, сиыр, түйе, сондай-ақ шошқа мен иттен жұғады. Ағзаға инфекция сүт және жеткіліксіз деңгейде өңделген ет өнімдері арқылы түседі. Сонымен қатар ауру малды күту, жүнін қырқу, сою, терісін сыпыру, көбінесе жаңа туған қозыларды төлдеу кезеңінде тамақтандыру кезінде жеке гигиена ережелерін сақтамау да ауру жұқтыруға әкеледі" - деді санитарлық дәрігерлер.
Бруцеллезді емдеуден кейін оңалу мерзімі ұзаққа созылуы мүмкін. Егер емдеу кешіктірілсе, адам мүгедек болып қалуы мүмкін.
Жануарларды күтіп-бағуға байланысты барлық жұмыс арнайы қорғаныш киімдерімен жүргізіліп, жеке гигиена ережелері сақталуы керек, деп ескертті ведомство.