https://sputnik.kz/20231215/zhambyl-oblysynda-zholda-qalgan-500-adam-poyyzga-otyrgyzyldy-40966916.html
Жамбыл облысында жолда қалған 500 адам пойызға отырғызылды
Жамбыл облысында жолда қалған 500 адам пойызға отырғызылды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 15 желтоқсан – Sputnik. Көлік полицейлері Жамбыл облысында қолайсыз ауа райында жолда қалған 500-ден астам жолаушыға сапарларын пойызбен жалғастыруға... 15.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-15T14:37+0500
2023-12-15T14:37+0500
2023-12-15T14:40+0500
жамбыл облысы
пойыз
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/1d/40507271_0:134:2560:1574_1920x0_80_0_0_13c306625e344f617a7e718d4ae8e693.jpg
АЛМАТЫ, 15 желтоқсан – Sputnik. Көлік полицейлері Жамбыл облысында қолайсыз ауа райында жолда қалған 500-ден астам жолаушыға сапарларын пойызбен жалғастыруға көмектесті, деп хабарлайды Polisia.kz.Полицейлердің айтуынша, жолға шықпа деген хабарландыруға жолаушылар құлақ асып жатқан жоқ.Жолаушылар арасында қарт адамдар, әйелдер мен балалар бар. Сондай-ақ олардың ішінде Алматы – Шымкент бағытындағы автобус рейсімен жолға шыққан Өзбекстан Республикасының 150 азаматы да болған. Полицейлердің айтуынша, шетелдіктердің киімдері жұқа."Көлік полицейлері “ҚТЖ” ҰК АҚ қызметкерлерімен бірлесіп, аталған азаматтардың өтіп бара жатқан пойыздарға отырғызды. Мысалы, төрт адамнан тұратын отбасы, оның ішінде жүкті әйел мен 2 жас бала өз көлігімен Шу-дан Түркістан қаласына шыққан, бірақ ауа райына байланысты жолда қалған. Олар полиция пунктіне жеткізіліп, ыстық шаймен қамтамасыз етілді. Әрі қарай олар пойызға отырғызылды", - дейді ведомстводағылар.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/1d/40507271_142:0:2418:1707_1920x0_80_0_0_39cca82521871d4409045e46268859b6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, пойыз
Жамбыл облысында жолда қалған 500 адам пойызға отырғызылды
14:37 15.12.2023 (жаңартылды: 14:40 15.12.2023) АЛМАТЫ, 15 желтоқсан – Sputnik. Көлік полицейлері Жамбыл облысында қолайсыз ауа райында жолда қалған 500-ден астам жолаушыға сапарларын пойызбен жалғастыруға көмектесті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлердің айтуынша, жолға шықпа деген хабарландыруға жолаушылар құлақ асып жатқан жоқ.
"Көптеген азамат автокөліктермен және рейстік автобустармен шығып, Алматы – Шымкент, Алматы – Кызылорда тас жолдарында қар құрсауында қалды. Көлік полицейлерінің көмегімен жолаушылар пойызбен межелі жерлеріне жетулері үшін Шу және Тараз теміржол вокзалдарына жеткізілді. Жалпы, бұл жұмысқа160-қа жуық полицей жұмылдырылды. Қазіргі уақытта 500-ден астам азамат сақшылардың көмегімен жолаушылар пойызына отырғызылып, өз сапарларын аман-есен жалғастырды", - дейді ведомстводағылар.
Жолаушылар арасында қарт адамдар, әйелдер мен балалар бар. Сондай-ақ олардың ішінде Алматы – Шымкент бағытындағы автобус рейсімен жолға шыққан Өзбекстан Республикасының 150 азаматы да болған. Полицейлердің айтуынша, шетелдіктердің киімдері жұқа.
"Көлік полицейлері “ҚТЖ” ҰК АҚ қызметкерлерімен бірлесіп, аталған азаматтардың өтіп бара жатқан пойыздарға отырғызды. Мысалы, төрт адамнан тұратын отбасы, оның ішінде жүкті әйел мен 2 жас бала өз көлігімен Шу-дан Түркістан қаласына шыққан, бірақ ауа райына байланысты жолда қалған. Олар полиция пунктіне жеткізіліп, ыстық шаймен қамтамасыз етілді. Әрі қарай олар пойызға отырғызылды", - дейді ведомстводағылар.