https://sputnik.kz/20231215/toqaev-zhemqorlardan-tarkilengen-qarzhyga-salyngan-mektepti-aralap-kordi-40980726.html
Тоқаев жемқорлардан тәркіленген қаржыға салынған мектепті аралап көрді
Тоқаев жемқорлардан тәркіленген қаржыға салынған мектепті аралап көрді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Астана қаласындағы №96 мектеп-гимназияны аралап көрді, деп хабарлайды Ақорда. 15.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-15T17:39+0500
2023-12-15T17:39+0500
2023-12-15T17:39+0500
астана
мектеп
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/0f/40980061_14:0:1267:705_1920x0_80_0_0_8dec746f0747231ab9bed8669133af72.jpg
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Астана қаласындағы №96 мектеп-гимназияны аралап көрді, деп хабарлайды Ақорда.Президентке білім ошағындағы оқу-тәрбие жұмыстарының барысы таныстырылды. Бұл мектеп жемқорлардан тәркіленген қаржыға салынды. Биыл пайдалануға берілген гимназия елорданың сол жағалауындағы басқа мектептердің жүктемесін азайтуға септігін тигізді. Қазір мұнда 1466 оқушы білім алады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа қоғамдық-гуманитарлық бағытта білім беретін мектеп-гимназияның оқу үдерісі туралы баяндалды. Оқушыларға ағылшын, француз тілдерімен қатар, қытай тілі де оқытылады. Мектеп директоры Сәуле Теменованың айтуынша, мұнда инклюзивті білім беруге баса назар аударылған. Бұл ретте әр оқушыға жеке оқу бағдарламасы әзірленген. Сондай-ақ инклюзивті қолдау, емдік дене шынықтыру және бейіналды даярлау кабинеттері бар. Бүгінде мектеп-гимназияда арнаулы білім беруді қажет ететін 28 бала оқиды.Сонымен қатар мектепте цирк, қыш өнері, балет үйірмелері жұмыс істейді.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/0f/40980061_171:0:1111:705_1920x0_80_0_0_97a38a53314d61507c8f727ae5f2c305.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, мектеп, қасым-жомарт тоқаев
астана, мектеп, қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев жемқорлардан тәркіленген қаржыға салынған мектепті аралап көрді
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Астана қаласындағы №96 мектеп-гимназияны аралап көрді, деп хабарлайды Ақорда.
Президентке білім ошағындағы оқу-тәрбие жұмыстарының барысы таныстырылды. Бұл мектеп жемқорлардан тәркіленген қаржыға салынды. Биыл пайдалануға берілген гимназия елорданың сол жағалауындағы басқа мектептердің жүктемесін азайтуға септігін тигізді. Қазір мұнда 1466 оқушы білім алады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа қоғамдық-гуманитарлық бағытта білім беретін мектеп-гимназияның оқу үдерісі туралы баяндалды. Оқушыларға ағылшын, француз тілдерімен қатар, қытай тілі де оқытылады.
Мектеп директоры Сәуле Теменованың айтуынша, мұнда инклюзивті білім беруге баса назар аударылған. Бұл ретте әр оқушыға жеке оқу бағдарламасы әзірленген. Сондай-ақ инклюзивті қолдау, емдік дене шынықтыру және бейіналды даярлау кабинеттері бар. Бүгінде мектеп-гимназияда арнаулы білім беруді қажет ететін 28 бала оқиды.
Сонымен қатар мектепте цирк, қыш өнері, балет үйірмелері жұмыс істейді.