Қазақстанда мерекеге дейін азық-түлік бағасы қаншаға қымбаттайды

© Sputnik / Абзал КалиевВ торговом комплексе Magnum Cash & Carry
В торговом комплексе Magnum Cash & Carry - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2023
Жазылу
Жаңа жылдық дастарханға қажетті азық-түлік қымбаттайды, бірақ кейбіреуі керісінше арзандайды, деді министр Шаққалиев
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Мереке қарсаңында азық-түлік қымбаттай ма және бағаның өсуін қандай ауқымда болуы мүмкін деген сұраққа қатысты Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев өз болжамымен бөлісті.
Сауда министрінің айтуынша, елдегі баға мониторингін Ұлттық статистика бюросы жүргізеді және ведомство осы мәліметтерді пайдаланады.
"Соңғы аптадағы мәліметтерді келтірейін: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексінде өзгеріс нөлге тең. Естеріңізге сала кетейін, бұл 19 азық-түлік түрі, мұнда өзгеріс жоқ", - деді Шаққалиев.
Дегенмен, министрлік жаңа жылдық сатып алымдарға қатысты бағаның өсуін болжап отыр.
"Жаңа жылдық дастарханға қажетті азық-түліктің баға индексі бойынша біз шартты түрде 37-ге жуық тауарды алдық. Жұмсақ қаптамадағы сүт, мандарин, шампан сияқты кейбір тауарларда белгілі бір өзгерістер бар", - деді министр.
Шаққалиев бағаның өсуі мереке күндеріне байланысты екенін айтты.
"Біз жылдық 10,3% инфляция деңгейінде тұрмыз, жаңа жылдық қоржын бойынша бұл шамамен 10-10,7%. Иә, өзгерістер бар. Жаңа жыл қарсаңында оны барлығымыз байқаймыз. Бұл маусымдық құбылыс, мереке қарсаңында бағаның өсуі байқалады. Бірақ ол бізде индекстер шегінде болады", - деді ол.
Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 3,4%-ға өсті, деді Шаққалиев.
"Біз ірі өндірушілермен және сауда желілерімен сауда үстемесінің сақталуын қамтамасыз ету үшін меморандум жасадық және оның нәтиже беріп жатқанын көріп отырмыз. Бүгінгі таңда біз ішкі қажеттіліктерді толығымен қанағаттандырып жатырмыз, бізде профицитті өндіріс бар. Ал меморандумдағы келісімдер бағаның күрт өспеуіне қатысты. Жазда баға үнемі төмендейді, ал қыста көтеріледі", - деп түсіндірді министр.
Шаққалиев бірақ бағаның өсуі күрт болмауы және дүрбелең тудырмауы керек екенін айтты.
"Бұл жылдық индекстер шегінде болуы керек. Біз оларды орынды деп есептейміз. Бұл бағаны мемлекеттік реттеу емес, бұл өндірушінің ұстанымы. Бұл бағаның күрт өсуіне жол бермеуге бағытталған", - деді ведомство басшысы.
Министр жалпы Қазақстанда инфляцияның екі таңбалы саннан бір таңбалы санға дейін төмендеу қарқыны байқалатынын айтты.
Жаңалықтар
0