Қазақстан мен Қытай шекарасы жабылады

© Sputnik / Тимур БатыршинПограничный пункт
Пограничный пункт - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2023
Жазылу
Ал шекарадағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді
АСТАНА, 15 желтоқсан - Sputnik. Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 16-17 желтоқсанда және 2024 жылғы 1-2 қаңтарда жұмыс істемейді, деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.
Ведомство жүк тасымалдаушылар мереке күндері шекарадағы кептелістерге түспеу үшін ауа-райын ескере отырып, тасымалдау маршруттарын алдын-ала жоспарлап, брондалған күні өткізу пункттеріне келу керектігін айтты.
"Қазақстан - Қытай шекарасында жүк көліктерін өткізу CarGoRuqsat автоматтандырылған электрондық кезек жүйесінде күнін ауыстырып, брондау арқылы жүзеге асырылады", - деп еске салды ведомство.
Мемлекеттік кірістер комитеті мереке күндері шекара жабылатынын айтты.
"2023 жылғы 16-17 желтоқсанда Тәуелсіздік күнін және 2024 жылғы 1-2 қаңтарда Жаңа жылды мерекелеуге байланысты екі мемлекет арасындағы келісімге сәйкес Қазақстан - Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдар, көлік құралдары мен жүктер өткізілмейді", - делінген хабарламада.
Ал шекарадағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді.
Жаңалықтар
0