https://sputnik.kz/20231215/kentauda-dauyl-saldaryn-zhoyu-zhumystary-zhurgizilip-zhatyr-40982687.html
Кентауда дауыл салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр
Кентауда дауыл салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр
Sputnik Қазақстан
"Қала бойынша алты көпқабатты тұрғын үй мен 40-қа жуық жеке сектордағы үйлердің жылу жүйелерінде ақау орын алған 15.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-15T18:20+0500
2023-12-15T18:20+0500
2023-12-15T18:20+0500
түркістан облысы
дауыл
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/0f/40982360_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_f2e636961626ebf36d6a55aa4714ec8f.jpg
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Кентау қаласында қолайсыз ауа райы салдарынан орын алған жағдайларды қалпына келтіру бойынша жұмыстар үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Кентау қаласына арнайы барған облыс әкімі Дархан Сатыбалды штабтың шұғыл отырысын өткізіп, барлық құрылым басшыларына орын алған жағдайлардың салдарын жоюға байланысты тікелей тапсырмалар берді. Қазіргі таңда ЖЭО-5 орталығында қазандықтар жұмыс істеп тұр.Дауылды желдің салдарынан қаладағы 6 көпқабатты тұрғын үй мен 37-ге жуық жеке сектордағы тұрғын үйлердің жарығын қосу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Сонымен қатар залал келтірілген нысандар қалпына келтіріледі.Барлық секторлар бойынша жұмыстарды жүргізуге 200-ден аса қызметкер мен 15 техника жұмылдырылды.Еске сала кетейік, кеше қатты жел салдарынан №1 насос станциясы істен шықты. ЖЭО жұмысы 10 минутта қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта төрт қазандық қалыпты жұмыс істеп тұр.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/0f/40982360_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_e153918d4ddf0a50b6db8cf4eab82855.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, дауыл
Кентауда дауыл салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр
"Қала бойынша алты көпқабатты тұрғын үй мен 40-қа жуық жеке сектордағы үйлердің жылу жүйелерінде ақау орын алған
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Кентау қаласында қолайсыз ауа райы салдарынан орын алған жағдайларды қалпына келтіру бойынша жұмыстар үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Кентау қаласына арнайы барған облыс әкімі Дархан Сатыбалды штабтың шұғыл отырысын өткізіп, барлық құрылым басшыларына орын алған жағдайлардың салдарын жоюға байланысты тікелей тапсырмалар берді. Қазіргі таңда ЖЭО-5 орталығында қазандықтар жұмыс істеп тұр.
"Қала бойынша 6 көпқабатты тұрғын үй мен 40-қа жуық жеке сектордағы үйлердің жылу жүйелерінде ақау орын алған. Қалыпқа келтіру бойынша 11 бригада мен арнайы техникалар жұмылдырылып, жұмыстар атқарылуда. Қаладағы ауыз су мәселесі 100 пайыз шешімін тауып, ретке келтірілді", - делінген хабарламада.
Дауылды желдің салдарынан қаладағы 6 көпқабатты тұрғын үй мен 37-ге жуық жеке сектордағы тұрғын үйлердің жарығын қосу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Сонымен қатар залал келтірілген нысандар қалпына келтіріледі.
Барлық секторлар бойынша жұмыстарды жүргізуге 200-ден аса қызметкер мен 15 техника жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, кеше қатты жел салдарынан №1 насос станциясы істен шықты. ЖЭО жұмысы 10 минутта қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта төрт қазандық қалыпты жұмыс істеп тұр.