Алматы облысында оқушы жүргізушілерге арналған ерекше көзілдірік жасады

© Photo : Пресс-служба управления образования Алматинской областиАлматы облысында оқушы жүргізушілерге арналған ерекше көзілдірік жасады
Алматы облысында оқушы жүргізушілерге арналған ерекше көзілдірік жасады - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2023
Жазылу
Эксперименттік өнертабыс жүргізушілердің шаршағанын немесе ұйқы қысқанын анықтайды
ТАЛДЫҚОРҒАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысында 15 жастағы оқушы жүргізушілерге көлік жүргізіп келе жатып ұйықтап қалмауға көмектесетін көзілдірік ойлап тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жүргізушілерге арналған арнайы көзілдірік жасау идеясы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының оныншы сынып оқушысы Ернұр Тұрғанбайдың ойына келген. Физика пәнінің мұғалімі Дәулешияр Бақытәлі робототехника курсында оқушыға идеяны жүзеге асыруға және эксперименттік үлгі жасауға көмектесті.
Автор көзілдірік инфрақызыл сенсормен жабдықталғанын атап өтті, ал жобаның өзі жол қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған.
"Көзілдіріктің жақтауына инфрақызыл датчик орнатылған, ол жүргізушінің жағдайын үнемі қадағалап отырады. Көзілдірік шаршау мен ұйқышылдық белгілерін анықтай алады. Егер рөлде отырған адамда мұндай жағдай анықталса, көзілдірік жүргізушіні ескертеді", - деп хабарлады Алматы облыстық білім басқармасы.
Оқушы өзінің өнертабысын көпке көрсете отырып, көзілдірікті көлік жүргізуді жеңілдететін басқа да функцияларды орындауға бейімдеуге болатынын атап өтті.
Беременная девушка в маске, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2023
Тараздық оқушы тұрмыстық зомбылыққа қарсы қосымша ойлап тапты
Жаңалықтар
0