Жас ғалымдарға арналған ипотека: кім өтініш бере алады
© Sputnik / Болат ШайхиновНазарбаев Университетінің зертханасы
© Sputnik / Болат Шайхинов
Жазылу
Қазақстандағы 53 ғылыми ұйымның зерттеушілері "Отбасы банктен" жеңілдетілген ипотекалық кредитті қандай талаппен ала алады
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Жас ғалымдарға арналған жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылғалы бері Отбасы банк тоғыз өтінішті мақұлдады, деп хабарлады банктің басқарма басшысы Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Басқарма басшысы бағдарлама 1 желтоқсанда басталғанын еске салды. Ол жас кадрлар тапшылығы бар академиялық ғылыммен айналысатын жастарға бағытталған.
Отбасы банк не ұсынады
Ләззат Ибрагимова бұл бағдарлама 40 жасқа дейінгі ғалымдарға алғашқы пәтерін алуға мүмкіндік беретінін айтты.
Кредиттің ең жоғарғы сомасы – 20 миллион теңге, кредит мерзімі – 19 жыл.
Алғашқы сегіз жылда қарыз алушы ай сайын 155 мың теңге, ал қалған жылдар үшін 84 мың теңге төлейді.
"Осылайша біз жас ғалымдарды тартып, оларды академиялық ғылым саласында қалдыруға тырысып жатырмыз", - деді Ләззат Ибрагимова.
Әзірге бағдарлама 5 жылға жоспарланған және ол Отбасы банктің таза табысынан қаржыландырылады.
Кім өтініш бере алады
Бағдарламаның Ғылым және жоғары білім министрлігінің 53 ұйымының жас ғалымдары әлеуетті қарыз алушылар бола алады, деп хабарлады банктегілер.
Министрлік пен банк жеңілдетілген несиені мына азаматтар алуға болады деп келісті:
40 жасқа дейінгі магистр дәрежесі бар қазақстандықтар;
кандидаттар ғылыми, ғылыми-техникалық зерттеулерге немесе соңғы 3 жылда коммерциялануға жататын басқа жобаларға қатысуға міндетті.
Оларға қандай да бір баспана кезегіне тұрудың қажеті жоқ, деп хабарлады банк.
"Жоғары оқу орындары мен институттардың басшылары тізім бойынша ғылыммен айналысатын жастарға жолдама береді. Олар бұл құжатты "Отбасы банкке" әкелу керек", - деді банктің орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай.
Не істеу керек
Жас ғалым өз институтының басшылығынан алған құжатпен банкке келеді. Төлем қабілеттілігі расталғаннан кейін 3 айдан соң қарыз алушы жаңа салынған немесе бұған дейін адамдар тұрған баспаналар ішінен өзіне қолайлы тұрғын үйді таңдайды.
"Ең басты шарт – жас ғалымның немесе отбасы мүшелерінің атында жылжымайтын мүлік болмауы керек. Яғни бұл қолдау баспана алу үшін қарастырылған", - деді Жансұлтан Матай.
Ол Отбасы банктің жас ғалымдарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған пилоттық жобасы аздап толықтырылғанын айтты.