Жамбыл облысында инвесторлар су үнемдейтін технологиялар өндірісін дамытпақ

© PhotoАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2023
Жазылу
Жамбыл облысы еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытуда стратегиялық рөл атқарады
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Түркияның "Atlantis" компаниясы Жамбыл облысында тамшылатып суару технологияларын дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Жобаларды жүзеге асыру перспективасын Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен "Atlantis" компаниясының басқарма төрағасы Гюрсель Арал талқылады.
Қазіргі таңда облыста бұл жұмыстар бойынша бірнеше бағыт белгіленген. Олар — жер асты су ресурстарын тиімді пайдалану, каналдарды қайта жаңғырту және жөндеу, су қоймаларын салу, ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру және су үнемдейтін технологияларды енгізу.
"Жамбыл облысы еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытуда стратегиялық рөл атқарады. Қант қызылшасын өсіруге ерекше назар аударылуда. Еліміздегі пияздың 80 пайызы Жамбыл облысында өсіріледі. Алға қойған міндеттерді одан әрі табысты орындау үшін тамшылатып суару технологиясын белсенді түрде енгізу маңызды", – деді облыс әкімі.
Өзара тиімді ынтымақтастықтың орасан зор әлеуетін ескере отырып, тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін жеткізді.
Жаңалықтар
0