https://sputnik.kz/20231214/zhambyl-oblysynda-500-den-astam-zhuk-koligi-zholda-qaldy-40930058.html
Жамбыл облысында 500-ден астам жүк көлігі жолда қалды
Жамбыл облысында 500-ден астам жүк көлігі жолда қалды
Sputnik Қазақстан
Облыс аумағында қарлы боран соғып тұр 14.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-14T20:34+0500
2023-12-14T20:34+0500
2023-12-14T20:34+0500
жамбыл облысы
жол
https://sputnik.kz/img/07e5/02/03/16201073_0:0:1000:563_1920x0_80_0_0_46d16a0dac20135264eb42c7dd282994.jpg
АСТАНА, 14 желтоқсан - Sputnik. Жамбыл облысында ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты 500-ден астам жүк көлігі тас жолдардың бойында тұр, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.Жамбылдық полицейлер автожолдардағы жағдай дұрысталып, қауіп сейілгенше азаматтарға жан-жақты көмек көрсетуде. Тәртіп сақшылары жаураған жолаушыларға ыстық шәй мен нан таратып, жағдайды түсіндіріп жүр. Алыс жолға шыққан көліктердің майы қатып, техникалары істен шығып, жолда бұзылып қалып жатыр. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жүргізушілермен бірге болып, жағдайды бақылауда ұстайтын болады.Бұған дейін "Қазавтожол" қарлы боран салдарынан және көрінудің шектелуіне байланысты Жамбыл облысында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабық екенін ескертті.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/03/16201073_81:0:920:629_1920x0_80_0_0_e03f722afac8f38c7b8b0f9006b2e9c1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, жол
Жамбыл облысында 500-ден астам жүк көлігі жолда қалды
Облыс аумағында қарлы боран соғып тұр
АСТАНА, 14 желтоқсан - Sputnik. Жамбыл облысында ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты 500-ден астам жүк көлігі тас жолдардың бойында тұр, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
Жамбылдық полицейлер автожолдардағы жағдай дұрысталып, қауіп сейілгенше азаматтарға жан-жақты көмек көрсетуде. Тәртіп сақшылары жаураған жолаушыларға ыстық шәй мен нан таратып, жағдайды түсіндіріп жүр.
Алыс жолға шыққан көліктердің майы қатып, техникалары істен шығып, жолда бұзылып қалып жатыр. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жүргізушілермен бірге болып, жағдайды бақылауда ұстайтын болады.
Бұған дейін "Қазавтожол" қарлы боран салдарынан және көрінудің шектелуіне байланысты Жамбыл облысында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабық екенін ескертті.