Тоқаев футзалдан Қазақстан құрамасын қолдауға келді

© Photo : Казахстанская федерация футбола Футзал, иллюстративное фото
Футзал, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 желтоқсан - Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев футзалдан Нидерланд командасына қарсы ойнайтын Қазақстан ұлттық құрамасына қолдау көрсету үшін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына келді.
Кездесу футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтеді.
Бүгін елордада футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің элиталық раундының ойыны өтеді. Қазақстан құрамасы өз алаңында Нидерланд құрамасымен ойнайды.
А тобының жеңімпазы 2024 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады. Екінші орын алған команда да әлемдік доп додасына қатысады.
Футзалдан әлем чемпионаты 2024 жылдың 14 қыркүйегі мен 6 қазаны аралығында Өзбекстанда өтеді.
Жаңалықтар
0