https://sputnik.kz/20231214/taksi-zhurgizushilerinin-tabysy-qansha-40914113.html
Такси жүргізушілерінің табысы қанша
Такси жүргізушілерінің табысы қанша
Sputnik Қазақстан
Көлік жүргізушісі күн сайын әрбір жол ақысының 30-50 процентін алып отырады 14.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-14T12:18+0500
2023-12-14T12:18+0500
2023-12-14T12:18+0500
такси жүргізушісі
такси
таксист
https://sputnik.kz/img/07e7/08/13/37803259_0:0:1400:789_1920x0_80_0_0_be5e8e2289f486ce2e25ca469a40c795.jpg
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Сенатта жалдамалы көлікпен табыс тауып жүрген такси жүргізушілерінің мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Сенатор Жанна Асанованың айтуынша, бүгінде үкімет таксомоторлық компаниялар үшін көлікті лизингке сатып алуға арналған субсидияларды тоқтатуды қарастырып жатыр. Соның аясында автопарктер отандық көліктерді лизингке алады да, көлік жүргізушілеріне жалға береді. Олар темір тұлпарды біртіндеп жекеменшікке сатып алады. Қазіргі кезде жалдамалы көлікпен жүретін такси жүргізушілерініңсаны шамамен 18 мың адамды құрайды. Бұдан бөлек, тағы 14 мың адам кезекте тұр.Оның айтуынша, былтыр такси жүргізушілерінің табысы 204 мың теңгені құрады. Көлік жүргізушісі күн сайын әрбір жол ақысының 30-50 процентін алып отырады. Осы салада көбінесе өзге аймақтардан келген азаматтар және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың мүшелері жұмыс істейді. Ал субсидияларды алып тастаса, көлікті жалға алу ақысы артады. Такси жүргізушілерінің табысы азаяды."Олардың жағдайы нашарлайды, осы салада қалса да, табысы ең төменгі жалақыға да жетпей қалуы мүмкін. Такси жүргізушілерінің жағдайы қиындаса, қызмет бағасы және көліктің саны да өзгеруі мүмкін", - деп атап көрсетті сенатор.Сенаторлар үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, лизингтік бағдарламаларды сақтауды сұрады. Ал ондай мүмкіндік болмаса, субсидиялау шарттарын өзгертуді ұсынды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/13/37803259_124:0:1336:909_1920x0_80_0_0_084fbdccc23dd4d0a5b79e32f2d8e44f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
такси жүргізушісі, такси, таксист
такси жүргізушісі, такси, таксист
Такси жүргізушілерінің табысы қанша
Көлік жүргізушісі күн сайын әрбір жол ақысының 30-50 процентін алып отырады
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Сенатта жалдамалы көлікпен табыс тауып жүрген такси жүргізушілерінің мәселесі көтерілді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенатор Жанна Асанованың айтуынша, бүгінде үкімет таксомоторлық компаниялар үшін көлікті лизингке сатып алуға арналған субсидияларды тоқтатуды қарастырып жатыр. Соның аясында автопарктер отандық көліктерді лизингке алады да, көлік жүргізушілеріне жалға береді. Олар темір тұлпарды біртіндеп жекеменшікке сатып алады. Қазіргі кезде жалдамалы көлікпен жүретін такси жүргізушілерініңсаны шамамен 18 мың адамды құрайды. Бұдан бөлек, тағы 14 мың адам кезекте тұр.
"Бір көлік үш адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік беріп отыр. Себебі бір отбасының мүшелері немесе достар ауысып істейді. Сөйтіп, барлығы жалға алған көліктің ақысын бірге төлеп жүреді. Бір адам күніне 20 сағат жұмыс істесе, 30 мың теңгедей табады. Ал жалға алу ақысын, амортизация мен жанар-жағармайды алып тастағаннан кейін таза 7 мың теңге қалады", - деді Асанова сенаттың бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, былтыр такси жүргізушілерінің табысы 204 мың теңгені құрады. Көлік жүргізушісі күн сайын әрбір жол ақысының 30-50 процентін алып отырады. Осы салада көбінесе өзге аймақтардан келген азаматтар және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың мүшелері жұмыс істейді. Ал субсидияларды алып тастаса, көлікті жалға алу ақысы артады. Такси жүргізушілерінің табысы азаяды.
"Олардың жағдайы нашарлайды, осы салада қалса да, табысы ең төменгі жалақыға да жетпей қалуы мүмкін. Такси жүргізушілерінің жағдайы қиындаса, қызмет бағасы және көліктің саны да өзгеруі мүмкін", - деп атап көрсетті сенатор.
Сенаторлар үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, лизингтік бағдарламаларды сақтауды сұрады. Ал ондай мүмкіндік болмаса, субсидиялау шарттарын өзгертуді ұсынды.