Шымкентте кәсіпкерлердің шоттары заңсыз бұғатталған

© Sputnik / Владислав ВодневСудебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева
Судебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2023
Жазылу
Салдарынан кәсіпкерлердің қызметі тоқтаған
АЛМАТЫ, 14 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте 15 кәсіпкерлік субьектісінің шоттары заңсыз бұғатталған, деп хабарлайды Шымкент қаласының прокуратурасы.
Прокурорлар мемлекеттік кірістер органдарының жүргізген камералдық бақылау кезінде 15 кәсіпкерлік субъектісінің шоттары бұғаттағанын анықтаған.
Салдарынан кәсіпкерлердің қызметі тоқтаған.
"Прокуратура іс-әрекеттерді негізсіз деп танып, қадағалау актісін енгізді. Нәтижесінде салық органының шешімдерінің күші жойылды. Ал заңсыздыққа жол берген Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы және басқа да кінәлі мамандар "Лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметіне заңсыз араласуы" бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды", - дейді ведомство.
Кедергілер жойылған соң кәсіпкерлер өз қызметіне кірісті.
Жаңалықтар
0