Павлодарда жүргізушілер қала тұрғындарын тегін тасымалдады

© Sputnik / Алексей Владыкин / Медиабанкке өтуИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2023
Жазылу
Бұл акция әр қыста қатты аяз болған кезде іске қосылады
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Павлодарда ауа температурасының 30 градусқа дейін төмендеуіне байланысты Мәшһүр Жүсіп атындағы мешітте тұрғындарға көмек көрсету акция басталды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Жүргізушілер көлік күтіп тұрған жолаушылар тоңып қалмау үшін оларды үйіне тегін жеткізіп салып жатыр.
"Көлігі бар барлық адамды акцияға қатысуға шақырамыз. Еріктілер, намаз оқитын адамдар осы науқанға қосылып жатыр. Бұл акция қыс сайын қатты аязда іске қосылады. Қанша көлік келсе, сонша көлікті жібереміз. Біз волонтерлердің бағытын үнемі өзгертіп, оларды қаланың әр аймағына бағыттаймыз", - деді бас имамның көмекшісі Серік Темірбай.
Акцияға 18 жүргізуші қосылды.
Волонтерлерді көлігінің алдыңғы әйнегіндегі белгі арқылы тануға болады. Көбінесе еріктілер азаматтарды аялдамалар маңынан алып кетеді.
"Акцияға қосылғысы келетіндерді намаздан кейін Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы мешіт жанындағы тұраққа шақырамыз", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін Петропавлда қатты аяз күндері 12 адамды үсік шалғаны хабарланды.
Қатты үсік шалған облыстың бес тұрғыны қазір көпбейінді қалалық жедел жәрдем ауруханасында емделіп жатыр.
Дәрігерлер қатты аяз немесе қарлы боран кезінде үйден алысқа кетпеуге шақырады.
Жаңалықтар
0