ЕАДБ-ның Қазақстандағы жобаларға жыл сайынғы инвестициясы 1 млрд долларды құрайды

© Photo : Пресс-служба Евразийского банка развитияВывеска у входа в офис Евразийского банка развития
Вывеска у входа в офис Евразийского банка развития  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2023
Жазылу
Еуразиялық даму банкі инвестициясының 55%-тен астамы Қазақстанға тиесілі
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Бүгінгі таңда Еуразиялық даму банкі Қазақстанның жүйе құрушы маңызды салаларында 100 жобаны жүзеге асыруда, олардың жылдық инвестициясы 1 миллиард долларды құрайды.
Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында банк басқарма төрағасының орынбасары Руслан Дәленов айтты.
"Алдыңғы бесжылдықпен салыстыратын болсақ, инвестицияның орташа жылдық көлемі 2,5 есеге артып, жылына 1 миллиард доллар бөле бастадық", - деді Руслан Дәленов.
ЕАДБ Қазақстандағы 19 жобаны әзірлеуге 4,2 миллион доллар көлеміндн қаржыландырды. Банк ESG жобаларын (environmental, social, governance – "табиғат, қоғам, басқару") ілгерілетеді.
Банк оларға 380 миллион доллардан астам инвестиция салды – бұл жасыл экономика саласы (жел және күн электр станцияларын салу, энергия тиімділігін арттыру жобалары).
Сондай-ақ, Дәленовтың айтуынша, банк бүгінде исламдық қаржыландыруды дамытып жатыр.
ЕАДБ жобаларының ішінде қазіргі уақытта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан Алматы халықаралық әуежайы, Түркістан әуежайы, Үлкен Алматы айналма жолы (БАҚАД), Сарыарқа магистральді газ құбыры, 10 күн электр стансасы және еліміздің әртүрлі аймақтарындағы 2 жел электр станциясы, түрлі маркалы полипропилен шығаратын газ-химиялық кешен, сондай-ақ Алматы ЖЭО-3 қайта құру жобалары бар.
Дәленовтың айтуынша, өткен бес жылдағы инвестиция көлемі 2017-2021 жылдар аралығында 1,9 млрд долларды құрады.
"2022-2023 жылдары 2,2 миллиард доллар инвестицияланды, бұл бес жылдағыдан көп. Алдағы 3 жылда стратегия бойынша 2,5 миллиард доллар жоспарланған. Алайда нақты сома жоғары болуы мүмкін, өйткені биылғы жылы Қазақстан бойынша жоспар 700 миллион доллар болса, нақты 1 миллиард долларды құрады. ЕАДБ стратегиясының 2023 жылға арналған жоспарының орындалуы 140%-ға жетті. Сонымен банк инвестициясының 55%-тен астамы Қазақстанға тиесілі", - деді Руслан Дәленов.
Ол 2024 жылы ЕАДБ қазақстандық жобаларға тағы 1 миллиард доллар инвестициялауды көздеп отырғанын айтты. Өйткені қазіргі уақытта құны 1,7 миллиард доллар болатын жобалар әзірленіп жатыр.
Жаңалықтар
0