Елорда тынысы

Астанада Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоВоздушные шары у монумента "Байтерек", архивное фото
Воздушные шары у монумента Байтерек, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2023
Жазылу
Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында елордада "10 игі іс" ұранымен әлеуметтік қайырымдылық шаралары өтіп жатыр
АЛМАТЫ, 14 желтоқсан – Sputnik. Астанада Тәуелсіздік күніне орай түрлі мерекелік және ресми іс-шаралар, оның ішінде көрмелер, концерттер, сурет байқаулары, турнирлер мен спартакиадалар өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
13-15 желтоқсанда "Жансая" орталығында патриоттық әндер, өлеңдер, суреттер байқауы өтеді.
14-16 желтоқсанда "Барыс-Аренада" жүзуден "ASTANA OPEN" ашық республикалық турнир өтеді.
14 желтоқсан күні сағат 11.00-де "АЛЖИР" мұражай-мемориалдық кешені "Тәуелсіздік – тұғырым" тақырыбында іс-шара ұйымдастырады.
15 желтоқсан күні сағат 11.00-де Астана мемлекеттік архивінде "Тәуелсіздік жолында" архивтік құжаттарының көрмесі өтеді.
Сонымен қатар, "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мерекелік концерт көрсетіледі.
15 қазан күні сағат 10.00-де "Арғымақ" ат-сауықтыру кешенінде ат спортынан жарыстар өтеді.
15 желтоқсан күні сағат 12.00-де "Астана" СК-да мүкіс спортшылар арасында шағын футболдан Астана қаласының Ашық Кубогы өтеді.
15 желтоқсанда "Beeline Arena" спорт кешенінде алғаш рет "ІВА Чемпиондар түні" — "Astana Arlans" бокстан турнир өтеді.
15-20 желтоқсан аралығында ұлдар мен қыздар арасында қол добынан Астана Кубогы және ұлдар арасында гандболдан ашық турнир басталады.
16 желтоқсан күні сағат 14.00-де қуыршақ театры көрермендерге С.Жүнісовтің "Атамекен" спектаклін ұсынады.
Сол күні сағат 18.00-де.М. Горький сахнасында "Әлия" спектакль-драмасы өтеді.
16-17 желтоқсанда садақ атудан Астана кубогы өтеді.
17 желтоқсанда Сарыарқа ауданының тұрғындары үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде (Көктал 2, Баршын көшесі, 30/2 ) Спартакиада өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында елордада "10 игі іс" ұранымен әлеуметтік қайырымдылық шаралары өтіп жатыр. Басты мақсат – қала мен оның тұрғындары үшін игі іс жасау.
Жаңалықтар
0