Арнайы әлеуметтік төлемдерге қатысты заң президентке қол қоюға жіберілді

© Sputnik / Александр АЛЬТМАН Зауыт қызметкері
Зауыт қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2023
Жазылу
Арнайы әлеуметтік төлем зиянды жұмыстарда істейтін адамдарға зейнет жасына толғанға дейін беріледі
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Сенат зиянды жұмыстарда істейтін адамдарға арнайы әлеуметтік төлем беру туралы заңды мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заңға сәйкес, арнайы төлемді еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін азаматтар 55 жасқа толғанда, жұмысынан кеткенде немесе басқа жеңіл қызметке ауысқан кезде алады. Бірақ кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы төленуі шарт.
Арнайы әлеуметтік төлем бірнеше жерден төленеді. Олар:
бюджеттен 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы;
жұмыс берушінің қаражаты есебінен 1 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде кәсіби төлем;
сақтандыру ұйымдарынан зейнетақы алдындағы аннуитет шарты бойынша 1 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде сақтандыру төлемі;
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемі.
Арнайы әлеуметтік төлем зейнет жасына толғанға дейін беріледі.
Сондай-ақ осы санатқа кіретін адамдарда 55 және 63 жас аралығында міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинағын алу уақытын өз бетінше айқындау құқығы болады.
Ал еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру бойынша бірнеше норма ұсынылды. Олар:
сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйақысы сомасының 6 % - на дейін шегінде оңалту шараларына арналған шығыстарды өтеу;
сақтандыру ұйымдарының зардап шеккен қызметкерді санаторий-курорттық емдеуді 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде өтеу;
жазатайым оқиға салдарынан келтірілген зиянды өтеу (сақтандыру төлемі) мөлшерін айқындау кезінде қызметкердің кінәсін болдырмау.
Бүгін сенаторлар осы заңды бірден екі оқылымда мақұлдады. Құжат президентке қол қоюға жіберілді.
Жаңалықтар
0