https://sputnik.kz/20231213/shymkentte-milliard-tengenin-zher-telimderi-memleket-menshigine-qaytaryldy-40878426.html
Шымкентте миллиард теңгенің жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды
Шымкентте миллиард теңгенің жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды
Sputnik Қазақстан
Прокурорлардың қадағалау актісімен жергілікті атқарушы органдар 7 келісімшартты бұзып, мемлекетке кадастрлық құны 1 млрд теңгеден асатын 116 га жер учаскесін... 13.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-13T11:20+0500
2023-12-13T11:20+0500
2023-12-13T11:20+0500
шымкент
жер телімі
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35382021_14:0:1267:705_1920x0_80_0_0_8b7b771c49961222f0530b8f976a3c2b.jpg
АЛМАТЫ, 13 желтоқсан - Sputnik. Шымкентте жергілікті атқарушы органдар жосықсыз жер қойнауын пайдаланушылармен 7 келісімшартты бұзып, кадастрлық құны 1 млрд теңгеден асатын 116 га жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл туралы Шымкент прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.Жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің келісімшарттық міндеттемелерін орындамаған.Прокурорлардың қадағалау актісімен жергілікті атқарушы органдар 7 келісімшартты бұзып, мемлекетке кадастрлық құны 1 млрд теңгеден асатын 116 га жер учаскесін қайтарды. Сондай-ақ жер қойнауын заңсыз өндірудің 5 фактісі анықталды."Олардың ешқандай құқықтық құжаттары болмаған. Кінәлілер "Жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу" бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды", - дейді ведомство.Бұған дейін Қазақстанда 9,32 млн га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекет меншігіне қайтарылған. Пайдаланылмаған учаскелер "Қазғарыш" космомониторингтің көмегімен анықталды.Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитеті мемлекет басшысының тапсырмасымен өткен жылдың басынан бері тексеру жұмыстарын жүргізіп келеді.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35382021_170:0:1110:705_1920x0_80_0_0_f7d5f05ed2f6c5fead0c2d9a5b6f40ff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, жер телімі
Шымкентте миллиард теңгенің жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды
Прокурорлардың қадағалау актісімен жергілікті атқарушы органдар 7 келісімшартты бұзып, мемлекетке кадастрлық құны 1 млрд теңгеден асатын 116 га жер учаскесін қайтарды
АЛМАТЫ, 13 желтоқсан - Sputnik. Шымкентте жергілікті атқарушы органдар жосықсыз жер қойнауын пайдаланушылармен 7 келісімшартты бұзып, кадастрлық құны 1 млрд теңгеден асатын 116 га жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл туралы Шымкент прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің келісімшарттық міндеттемелерін орындамаған.
"Мемлекеттен пайдалы қазбалары бар жерлерді алған кезде жер қойнауын пайдаланушылар бірқатар шарттарды, оның ішінде әлеуметтік сипаттағы шарттарды орындауға міндеттеледі. Алайда барлық жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің келісімшарттық міндеттерін орындамаған", - дейді прокуратура.
Прокурорлардың қадағалау актісімен жергілікті атқарушы органдар 7 келісімшартты бұзып, мемлекетке кадастрлық құны 1 млрд теңгеден асатын 116 га жер учаскесін қайтарды. Сондай-ақ жер қойнауын заңсыз өндірудің 5 фактісі анықталды.
"Олардың ешқандай құқықтық құжаттары болмаған. Кінәлілер "Жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу" бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды", - дейді ведомство.
Бұған дейін Қазақстанда 9,32 млн га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекет меншігіне қайтарылған. Пайдаланылмаған учаскелер "Қазғарыш" космомониторингтің көмегімен анықталды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитеті мемлекет басшысының тапсырмасымен өткен жылдың басынан бері тексеру жұмыстарын жүргізіп келеді.