https://sputnik.kz/20231213/qazaqstannyn-tas-zholdarynda-bir-kunde-140-tan-astam-adam-qutqaryldy-40889303.html
Қазақстанның тас жолдарында бір күнде 140-тан астам адам құтқарылды
Қазақстанның тас жолдарында бір күнде 140-тан астам адам құтқарылды
Sputnik Қазақстан
Төтенше жағдайлар министрлігінің дабылды ескертулері мен ұсыныстарына қарамастан, азаматтар тіпті балаларымен ұзақ жолға шығып жатыр 13.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-13T14:57+0500
2023-12-13T14:57+0500
2023-12-13T14:57+0500
ауа райы
https://sputnik.kz/img/895/12/8951227_0:293:2819:1879_1920x0_80_0_0_32f6c4e30a5ed458bcbb426808477093.jpg
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Соңғы тәулікте ТЖД қызметкерлері республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда 140-тан астам адамды, оның ішінде 13 баланы құтқарды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.Хабарламада бір тәулік ішінде апатты және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге 78 рет құтқару көлігі жолға шыққаны айтылған.Ведомство қарлы боранға байланысты көптеген аумақта көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеулер енгізілгенін еске салды.Мысалы, Абай ауданындағы тас жолдың бойында көлік қозғалысына шектеу қойылуына байланысты Семей – Талдықорған бағытындағы автобустағы жолаушыларды жақын маңдағы ауылға жеткізіп, жылыну орындарына орналастыруға тура келді. Автобуста барлығы 22 адам, оның ішінде 1 бала болған.Ақтөбе облысында Самара – Шымкент тас жолының 1104-ші шақырымында Мәскеу – Душанбе бағытындағы техникалық ақау анықталған жолаушылар автобусынан 62 адам, оның ішінде 8 бала жылу пунктіне эвакуацияланды. Барлығы Тәжікстан азаматы. Олар медициналық көмекті қажет етпеді.Жамбыл облысында Алматы – Ташкент – Термез тас жолында бұзылған екі жолаушылар автобусынан 53 адам, оның ішінде 3 бала жақын маңдағы жол бойындағы дәмханаға эвакуацияланды. Барлығы Өзбекстан азаматы.Ведомствомамандары"ескертулерге қарамастан, азаматтар ауа райы жағдайы мен құтқарушылардың ұсыныстарын елемей жатқанын" айтты.Төтенше жағдайлар министрлігі дабылды ескерту кезінде ұзақ жолға шықпау қажеттігін қатаң түрде ұсынады. Ал ауыл тұрғындары ауа райы нашарлаған кезде жаяу ұзақ жол жүруден бас тартқаны жөн.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/895/12/8951227_0:0:2645:1983_1920x0_80_0_0_9ed46c5ae4a8d54a72b24d577b48cd4b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауа райы
Қазақстанның тас жолдарында бір күнде 140-тан астам адам құтқарылды
Төтенше жағдайлар министрлігінің дабылды ескертулері мен ұсыныстарына қарамастан, азаматтар тіпті балаларымен ұзақ жолға шығып жатыр
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Соңғы тәулікте ТЖД қызметкерлері республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда 140-тан астам адамды, оның ішінде 13 баланы құтқарды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламада бір тәулік ішінде апатты және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге 78 рет құтқару көлігі жолға шыққаны айтылған.
Ведомство қарлы боранға байланысты көптеген аумақта көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеулер енгізілгенін еске салды.
Мысалы, Абай ауданындағы тас жолдың бойында көлік қозғалысына шектеу қойылуына байланысты Семей – Талдықорған бағытындағы автобустағы жолаушыларды жақын маңдағы ауылға жеткізіп, жылыну орындарына орналастыруға тура келді. Автобуста барлығы 22 адам, оның ішінде 1 бала болған.
Ақтөбе облысында Самара – Шымкент тас жолының 1104-ші шақырымында Мәскеу – Душанбе бағытындағы техникалық ақау анықталған жолаушылар автобусынан 62 адам, оның ішінде 8 бала жылу пунктіне эвакуацияланды. Барлығы Тәжікстан азаматы. Олар медициналық көмекті қажет етпеді.
Жамбыл облысында Алматы – Ташкент – Термез тас жолында бұзылған екі жолаушылар автобусынан 53 адам, оның ішінде 3 бала жақын маңдағы жол бойындағы дәмханаға эвакуацияланды. Барлығы Өзбекстан азаматы.
"Қыс мезгілінде төтенше жағдайларды болдырмау үшін ауа райының өзгеруін, метеорологиялық болжамдарды, ауа райының нашарлауы, жолдардың жабылуы туралы арнайы хабарламаларды, дауылды ескертулерді үнемі қадағалап отыру қажет", - деп жазылған хабарламада.
Ведомствомамандары"ескертулерге қарамастан, азаматтар ауа райы жағдайы мен құтқарушылардың ұсыныстарын елемей жатқанын" айтты.
Төтенше жағдайлар министрлігі дабылды ескерту кезінде ұзақ жолға шықпау қажеттігін қатаң түрде ұсынады. Ал ауыл тұрғындары ауа райы нашарлаған кезде жаяу ұзақ жол жүруден бас тартқаны жөн.