https://sputnik.kz/20231213/dariga-nazarbaeva-tabys-deklaratsiyasyn-tapsyrdy-ma--salyqshylar-zhauap-berdi-40890383.html
Дариға Назарбаева табыс декларациясын тапсырды – салықшылар
Дариға Назарбаева табыс декларациясын тапсырды – салықшылар
Sputnik Қазақстан
Журналистер мемлекеттік қызметте істеген Дариға Назарбаева мен Нұрбол Назарбаев Forbes-тің тізіміне қалай енгенін сұрады 13.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-13T15:30+0500
2023-12-13T15:30+0500
2023-12-13T18:31+0500
дариға назарбаева
https://sputnik.kz/img/07e5/05/1a/17166149_0:130:3072:1858_1920x0_80_0_0_6897adf2cd7c3fb079ed15dbd2b366a9.jpg
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті Дариға Назарбаева мен Нұрбол Назарбаевтың табыс декларациясын тапсырғанын растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жалпыға бірдей декларациялауға арналған брифингте журналистер салықшылардан мемлекеттік қызметте істеген Дариға Назарбаева мен Нұрбол Назарбаевтың табыс есебі туралы сұрады.Мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директоры Нұржан Қуандықовтың айтуынша, Назарбаевтар табыс декларациясын тапсырған."Сіз айтқан адамдардың барлығы декларацияны тапсырды. Өйткені бүкіл мемлекеттік қызметші табыс декларациясын тапсыруы керек еді. Бірақ қандай сомалар және не бар екенін жариялай алмаймыз. Өйткені ондай мәлімет салық кодексімен қорғалады", - деп атап өтті Қуандықов.Осы орайда журналистер офшорлық есеп-шоттардың бар-жоғын да сұрады. Бірақ департамент басшысы ондай мәлімет те Салық кодексі бойынша құпиясаналатынын жеткізді. Оны жариялауға болмайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/1a/17166149_285:0:3016:2048_1920x0_80_0_0_a75bb1eef76823fd84d20dfe4d5fb208.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дариға назарбаева
Дариға Назарбаева табыс декларациясын тапсырды – салықшылар
15:30 13.12.2023 (жаңартылды: 18:31 13.12.2023) Журналистер мемлекеттік қызметте істеген Дариға Назарбаева мен Нұрбол Назарбаев Forbes-тің тізіміне қалай енгенін сұрады
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті Дариға Назарбаева мен Нұрбол Назарбаевтың табыс декларациясын тапсырғанын растады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жалпыға бірдей декларациялауға арналған брифингте журналистер салықшылардан мемлекеттік қызметте істеген Дариға Назарбаева мен Нұрбол Назарбаевтың табыс есебі туралы сұрады.
"Декларациялаудың бірінші кезеңі 2021 жылы басталған. Сол кезде мемлекеттік қызметшілерге табыс декларациясын тапсыру міндеті жүктелді. Дариға Назарбаева кезінде мемлекеттік қызметте жұмыс істеді. Болат Назарбаевтың ұлы – Нұрбол Назарбаев та құқық қорғау саласында қызмет етті. Бірақ олар қызметтен кеткеннен кейін Forbes-тің тізіміне ілікті. Осы кісілер кезінде декларация тапсырды ма? Табысын көрсетті ме?", - деп сұрады тілшілер.
Мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директоры Нұржан Қуандықовтың айтуынша, Назарбаевтар табыс декларациясын тапсырған.
"Сіз айтқан адамдардың барлығы декларацияны тапсырды. Өйткені бүкіл мемлекеттік қызметші табыс декларациясын тапсыруы керек еді. Бірақ қандай сомалар және не бар екенін жариялай алмаймыз. Өйткені ондай мәлімет салық кодексімен қорғалады", - деп атап өтті Қуандықов.
Осы орайда журналистер офшорлық есеп-шоттардың бар-жоғын да сұрады. Бірақ департамент басшысы ондай мәлімет те Салық кодексі бойынша құпиясаналатынын жеткізді. Оны жариялауға болмайды.